Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақты дамыту және келер жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне әзірлік жайы пысықталды.
Тағы да ресми ақпарат. Осы аптада Ақордаға екі бірдей халықаралық ұйымның жетекшілері келіп, Елбасының қабылдауында болды. Оның бірі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, одаққа мүше елдердің жаһандық нарықтарда қалыптасқан қиын жағдайда ортақ іс-қимыл стратегиясы талқыланды. Елбасы интеграциялық бірлестіктің тек пайдасын ойламай, оның өркендеуіне үлес қосу қажеттігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Экономикада, саясатта терең тәжірибесі бар Сіз сияқты адамның келгеніне қуаныштымын. Екіншіден, Сіздердің Ұйымға төрағалықтарыңыз әлемдік экономикадағы күрделі кезеңге тап келді.
Мұндай жағдайда өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табу оңай емес. Алайда, бұл кедергілердің бәрі Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысымен еш байланысы жоқ.
Біз интеграциялық бірлестігімізден ұтпасақ, ұтылмайтынымызға менің еш күмәнім жоқ. Оның үстіне бүгінде Одаққа мүше болуға, онымен ортақ еркін сауда аймағын құруға ниет білдіріп отырған елдердің қатары көп.
Дағдарыс уақытша құбылыс, ал, біздің экономикаларымыздың жалпы әлеуеті мен нарықтың көлемі қала береді.
Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:
Еуразиялық одақтың дамуын, стратегиясын Сізбен талқылап отырғаныма қуаныштымын. Сіздің позицияңыз біз үшін үлкен мәнге ие. Интеграциялық үдерістерге Қазақстан басшылық жасайтын жылы Одақ дамуы тың серпін алатынына сенімдімін.
Қазір қиын кезең. Осы орайда, мен Сіздің Одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына арнаған үндеуіңізді егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырдым. Ондағы негізгі жайттарды жүзеге асыру үшін тиісті жоспар құрылғанын да айтқым келеді. Кеше құжатқа қолымды қойдым.
Ал, Ақордаға аялдаған келесі мейман Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес. Екеуара кездесуде келер жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне әзірлік жайы пысықталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, әлемдік деңгейдегі шараны ұйымдастыруға үнемі жанашырлық танытып жүрген Висенте мырзаға алғысын айтты.

Сіздің келіп, жұмысымызға баға беруіңіз біз үшін маңызды. Сол үшін рахметімді айтамын. Мен құрылыс пен дайындық барысын үнемі қадағалап отырмын, жұмыс кестесінен кешігіп жатқан жоқ.
Қазір көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан жабдықтау алдыңғы орынға шықты. Осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын бітіріп, EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындықты бастау міндеті қойылып отыр.
Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:
Құрылыс алаңын көргеннен кейінгі керемет әсерімді Сізбен бөлісіп отырғаныма қуаныштымын. Сәулет тұрғысынан барлық нысандар бір-бірімен үйлесім тауып, көздің жауын алады.
Өте әдемі. Әрі ыңғайлы салынған. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр тіпті, межеленген уақытынан тез салынуда. Ғимарат ішін толтыруға қатысты басты бағдарлама анық әрі түсінікті. Қалғаны – павильондарға жауапты компаниялардың қолында.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ