Алматыға сапары кезінде Президент шаһардың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады.
Келер жыл Қазақстанға екі бірдей ауыр да абыройлы жүкті артқалы тұр. Бірі EXPO, ал екіншісі Алатаудың етегінде алауы тұтануға тура 11 ай қалған Қысқы Универсиада.
Екеуі де Қазақстанның жаһандық имиджіне әсер ететін жоба. Әрине, экономикалық және инфроқұрылымдық мәні тағы бар. Мысалы, ірі мемлекеттер үлкен табысқа айналдырған туризм саласын дамытуға ықпалы болмақ.
Яғни, бұл екі жобаға да енжар қарау жөн емес. Бұл ретте үлкен шаһар Алматының ауасы – саф, тәртібі – сақ, инфроқұрылымы нық болуы тиіс. Өйткені, спортшылар бар, олардың бапкерлері, олардың командалары, олардың демеушілері, олардың жанкүйерлері бар сырттан мыңдаған адам келеді. Табыс береді, танымалдық береді, түрлі бизнеске жан береді.
Осы аптада Алматыда үлкен кеңес өтті. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі төрағалық етті. Жиында Алматының дәл осы Универсиадаға дайындығы пысықталып, өзекті мәселелері талқыланды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қысқы Универсиада өтетін негізгі нысандарды аралап, құрылысты көрді.
Армангүл Тоқтамұрат, тілші:
Келесі жылы Алматыда Қысқы Универсиада ойындары өтеді. Әлемдік дода – Қазақ елінің абыройын асқақтатпақ. Сондықтан, спорттық жарыстарға әзірлік мемлекеттік деңгейде қолға алынған.
Қазір, шаһарда 28-ші Қысқы Дүниежүзілік Универсиада ойындарына арналып салынып жатқан спорттық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Мұз сарайына келді.
Дүбірлі дода қарсаңында қалада жаңадан үш спорт нысаны бой көтереді. Бірі – Универсиада тарихында бұрын-соңды болмаған алып атлетикалық қалашық. Екеуі – мұз айдыны. Мемлекет басшысы солардың бірі де бірегейінің құрылысын тексерді.
Алаңда жұмыс қызу. Бұл жерде мың жарым адам бел жазбай жұмыс істеп жатыр. Нысан халықаралық стандарттың барлық талаптарына сай. Құрылыс материалдарының 50 пайызы – отандық өнім. Зәулім сарай белгіленген межеден 2 ай ерте тапсырылмақ.
Нұргелді Әбжапаров, «Универсиада-2017» дирекциясы директорының орынбасары:
Универсиада ойындары кезінде біз 12 түрлі спорт сайыстарын өткіземіз. Ойындар қазіргі біздің 9 спорт нысандарында өтеді. Ол біздің қазіргі «Шымбұлақ» , «Медеу» және т.б нысандар және осы соғылып жатқан 3 мыңдық және 12 мыңдық мұз ареналары.
Армангүл Тоқтамұрат, тілші:
Міне, 12 мың орындық Мұз сарайы. Универсиадаға арналып салынып жатқан нысандардың ең үлкені және ең маңыздысы. Дәл осы жерде әлемдік доданың ашылу және жабылу салтанаты өтпек.
Алып мұз айдынында мәнерлеп сырғанау мен керлингтен сайыс өтеді. Жалпы, Қысқы Универсиадаға 55 мемлекеттен 2000 спортшы қатысады. Қазір, 35 ел тіркелген. Кешен жұмысымен танысқан Президент құрылыс басында кеңес өткізді. Спорттық шараны ұйымдастыруға қаланың әзірлігін пысықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Міне, біз Универсиадамен байланысты нысандарды көрдік. Мен негізгі нысандардың уақытында аяқталатынына сенімдімін. Универсиадаға дейін 1 жыл қалды. Біз үлгереміз. Өте мол көлемде, 127 миллиард теңге қаржы бөлінді. Сіздер қанша жанкүйерлер, қанша туристер болатынын есептедіңіздер ме? Трансляция, компьютерлік технологияға 11,5 миллиард теңге бөлінді. Қаншалықты қажет нәрсе?
Қазір қиын кезең. Оңды-солды шашатын ақша жоқ. Үнем керек. Сондықтан, спорттық жарыстан түстетін пайданы қазірден есептеп, нысандарды қайда, қалай жарататынымызды алдын-ала жоспарлаған жөн.

Қазірден бастап қанша қаражат қайтады, Универсиада өтіп кеткеннен кейін ол нысандардың барлығы қалай толады, ол жерде кімдер жұмыс істейді?
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
Универсиада нысандары бұл – атлетикалық қалашық. Ол жерде қолжетімді баспана болады. Яғни, қалаға қажетті әлеуметтік нысандар соғылады. 200 адамға арналған аурухана, 2000 адамға арналған ХҚКО, өрт сөндіру қызметі, полиция бөлімшесі болады. Кәсіпкерлердің қазір Алатау ауданына дәмхана, мейрамхана ашудың қажеті жоқ. Аумақтың 30 пайызы фуд-корттарға беріледі.
Универсиададан кейін атлетикалық қалашықтағы 5000 орындық жатақхана тұрғын үйге айналады. Ал, нысандар толық ел игілігіне беріледі. Спортшылар жаттығып, қарапайым халық демалатын орынға айналады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Біз үшін ең маңыздысы - біздің спортшылардың жоғары көрсеткіш көрсеткені.

Біздің студенттеріміз жақсы нәтиже көрсетуі керек. Қазір барлық нысандар қолданылуы керек.
Спорт нысандары алып шаһардың 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында есігін айқара ашпақ. Айтулы күн ЮНЕСКО деңгейінде аталады. Дүбірлі той аясында 70-ке жуық іс-шара ұйымдастырылады. Мерекені шенеуніктер емес, әр тұрғын сезінуі тиіс,-деді Президент.

Тек басшылар жүретін жолдарды ғана қаузап, тазалай берудің қажеті жоқ. Барлық қаржыны жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, жолдары нашар аймақтарға жұмсау қажет. Сонымен қатар, тұрғын үй орамдары мен спорт ғимараттарын жөндеп, тазалап, қаланы жасылдандыруға, субұрқақтар мен арық жүйелерін жөндеуге күш салу қажет. Орталықта барлығы жасалған, бірақ, сіздер ол жерлерге тағы да асфальт төсегелі жатырсыздар. Қарапайым халық жасалған істің игілігін көруі керек.
Жарыс кезінде Қазақ жеріне 30 мың турист келмек. Осы орайда, Президент қолданыстағы Алматы әуежайын жедел кеңейтуге тапсырма берді. Себебі, Алматы әуежайы қазір жылына 5 миллион жолаушы қабылдаса, келер жылы келетін жолаушылардың саны артатындықтан, қазіргі төрт траптың мыңдаған жолаушыны бір мезетте қабылдауға әлеуеті жетпейді.

10 жыл болды ғой Қапшағай туралы естіп келе жатқанымызға, нәтиже жоқ. Алдымен, әуежайдан қалаға қанша адам келетінін есептеп алу керек. Қазір Астанаға 1 сағат 20 минут. Мына жерде әуежайға бір сағат жүретін болса қанша болады? Әрине, мына әуежайдың қиыншылықтары бар, қыс кезінде жабылып қалады. Тұман болады. Дегенмен, баяғыдан бері істеп келе жатыр ғой.
Қазір, Қазақстанға тек 19 мемлекеттің азаматы визасыз қатынайды. Туристердің елге еркін кіріп-шығуына жағдай жасалуы тиіс. Сондай-ақ, шетелдік меймандар үшін Алматының ауасы – таза, тәртібі – мықты, халқы – мәдениетті қала болуы шарт.

Қаладағы барлық қызмет көрсету орындарындағы жұмысшыларға қызмет көрсету әдебін үйрету қажет. Сатушылар сатып алушыларға теріс айналмаулары керек, мейманханаларды әдептілік болуы қажет. Қоғамдық көліктерде қызмет сыпайы көрсетілуі керек. Бұл қаланы мәдени тұрғыдан басқару жүйесіне қатысты айтылып отыр.
Универсиада Қазақ елі үшін маңызды имидждік жоба. Ал, Алматы республикалық бюджеттің бүйірін толтырып, елдегі ЖІӨ бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп отырған ірі қаржы орталығы. Қазіргі қарқынды жоғалтпау керек деген Нұрсұлтан Назарбаев, мегаполиске инновациялық экономика керек деді.

Бүгінгі таңда барлығы 150 компания тартылып, 15,5 миллиард теңге инвестиция салынды. Бұл жұмыстың басы, енді жүктемені, өнімділікті арттыру қажет. Онда жұмыс істейтін 33 кәсіпорын тек 50 пайыз жүктемемен ғана жұмыс істеп жатыр.
Тың технология, жаңа идея ғылымның негізі. Ал, ғылым Алматыда жетілуі тиіс. Себебі, мұнда елдегі ЖОО 40 пайызы шоғырланған. 86 ғылыми-зерттеу институты бар.

Барлық ректорлар шетелге шығасыңдар. Басқа университеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын көресіңдер. Заманның қайда кетіп бара жатқанын сендерден басқа кім біледі? Таңертеңнен кешке дейін қағазға, интернетке қарап отырған адамсыңдар. Осыны неге өздерің алға жылжытпайсыңдар, түсінбеймін?
Алып шаһардың проблемасы да аз болмайды. Адам көп, соған сай көлік қозғалысы, автотұрақ мәселесі өзекті. Қалаға күн сайын 300-ге жуық автомобиль кіріп-шығады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да түйткіл көп. Жергілікті билік осы мәселелердің шешілуіне күш салуы тиіс.

Қоғамдық көлікті, қала тұрғындарына қызмет көрсетуді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Жекелеген ыңғайсыз жағдайлар, «Оңай» электронды билеттендіру жүйесіне қатысты айтылған сын-пікірлер бар. Меніңше, онда қалың көпшілікке түсіндірілмеген жағдайлар көп. Жаңалық деген жақсы әрине. Бірақ, жаңалықты да баршаға түсінікті, көпшілікке ыңғайсыздық тудырмайтындай етіп енгізу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қаланың экологиясы да өзекті мәселе. Ахуалды жақсарту үшін Мемлекет басшысы көгалдандыру ісін ширатуды тапсырды. Ол үшін әр азамат жасыл желек отырғызуға міндетті.
Тау бөктерінде, өзеннің бойында тұрған зәулім сарайлар да, таудан соғатын самал желге кедергі. Нұрсұлтан Назарбаев, оңды-солды салынып жатқан құрылыс жұмыстарын тоқтатуды шегелеп айтты.

«Медеуде» мұзайдыны орналасқан аймақта автокөліктер сығылысып тұрмауы үшін арнайы жол салынды. Ал, ондағы қазіргі жағдайды қараңыздаршы, неткен немкеттілік. Біз арнайы жолды не үшін салдық, көліктер жүрмеуі үшін, Шымбұлақтың нәзік экологиясы бұзылмауы үшін. Шымбұлақта коттеджедер салуға тыйым салынған, бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ. Бұған кім жауап береді?
Өткенді екшеп, болашақты бағдарлаған жиын 2 жарым сағатқа созылды. Президент жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Әлемдік дода – қаланың дамуына, сәулетінің жаңғыруына серпін беруі тиіс.

Қаланың қожайыны болуы керек. Тұрғындардың мәселелеріне ықтиятты болған жөн. Қожайын дегенді дұрыс мағынасында түсіну керек, яғни, қаладағы мәселелермен жеке өзінің мәселеңдей айналысу керек.
Алматыға сапары кезінде Президент ел нарығына алғаш енген Еуропадағы ірі француздық дүкендер желісіне барды. Әлем бойынша екінші орындағы брендтті гипермаркет он шақты күн бұрын ғана ашылған.
«Сarrefour»-дің өзге сауда үйлерінен артықшылығы – азық-түліктен бастап, тұрмыстық техника, жиһаз, киім-кешек, спорт тауарларының бәрін сатады. 30 мыңнан астам өнім түрі бар. Тауар бағасы – төмен, қызмет көрсету мәдениеті – жоғары. Дүкен сөрелеріндегі тауарды сапасына, бағасына мән берген Елбасы, тұрғындармен де тілдесті.
Компания Қазақстанға 5 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйған. Сауда желісінің «Қазақстанда жасалған» өнімдерге қолдауы да – ерек.
Алматының 500-ге жуық кәсіпорынымен әріптестік орнатқан. Дүкен сөрелеріндегі тауарлардың 50 пайызы - біздікі. Сауда кешені қазір, 450-ден астам адамды жұмыспен қамтыса, келешекте 600-ге жеткізбек. Елбасы дүкеннен отандық өнімдер сатып алды.
1963 жылы негізі қаланған желі әлемнің 38 мемлекетінде жұмыс істейді. Мемлекет басшысының Ұлт жоспары аясында іскерлік ортаны жақсартуға мән бергені – Қазақ нарығына әлемге әйгілі халықаралық сауда маркаларының енуіне жол ашты.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ