Ресейдің Астрахань қаласында орналасқан «Фабрика» ІТ технопаркінде жас өнертапқыштардың инновациялық жобасын іске асыруына жағдай жасалған.
Атап айтқанда, идеяның жетілуіне, қажетті құжаттарды рәсімдеуге, тіпті компанияны құруға да арнайы мамандар көмектеседі.
Сонымен қатар, тың жобаға қомақты қаражат салатын инвесторлар да осында іздестіріледі.
Екі жылдың ішінде бұл жерде оннан астам жаңа инновациялық жоба әзірленіп, оған Қазақстаннан да тапсырыс түсіп отыр.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ