Өндіріс орны өңірдің осындай өнімдерге деген қажеттілігін қамтамасыз етпекші.
«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының қаржыландыруымен жаңа технология Қытайдан әкелінген.
Қырық шақты жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып отыр. Жалақылары 50 мың мен 150 мың теңгенің арасында.
Егер кәсіпорын толық қуатына көшсе, жұмысшылар саны да жүзден асатын болады.
Айнұр АҚБАЕВА