Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Ақордада өткен кездесуде аймақ басшысы Елбасына 2015 жылы атқарылған шаруалар барысын баяндады.
Бердібек Сапарбаев өңірдегі азық-түлік бағасының қалыпты жағдайда екенін айтты. Президент қолда бар мүмкіндіктерді мейілінше тиімді пайдаланып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Ақтөбе өндірісі өркендеген және экономикасы әртараптанған өңір. Мұнай мен ауыл шаруашылығы бар. Менің халыққа жолдаған Үндеуіме байланысты елмен жұмыс істеп, түсіндіру керек. Бұл бізідң кемшілігіміз емес, бұл бүкіл дүниежүзілік дағдарыс. Одан шығудың жолы қазір жұмыс орындарын ұстап, шағын бизнеске беріп отырған қаржыны жұмсап, «Нұрлы жол» бағдарлмасын барлық жерде реттеу керек. Қытайдан келетін жол төңірегінде жұмыс орындары ашылып, авто және темір жол бойында компаниялар барлығы жұмыс табады.
Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:
Қазіргі кезде жұмыссыздық былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8 пайызды құрайды. Уақтысында жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны беру туралы тапсырма орындалды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді де қабылдады. Елбасы алдымен аймақ басшысына өңірлер арасындағы тауар айналымын арттыруды тапсырды.
Әкім өткен жылы облыстағы өнеркәсіп өндірісі 6,9 пайызға, ауыл шаруашылығының өніміділігі 2,1 пайызға, ал құрылыс жұмыстары 6,1 пайызға өскенін айтты.
Сергей Кулагин азық-түлік бағасын қадағалауға қатысты қабылданған шаралар туралы әңгімеледі. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда құны 63,6 миллиард теңге болатын 21 жоба іске қосылып, 1700-ден астам тұрғын жұмыс тапқан.
Сонымен қатар, облыс әкімі Астана «азық-түлік белдеуі» бойындағы болашағы бар жобалардың жайын баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Облыстар арасында тығыз байланыс жоқ.
Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:
Мен Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап бердім. 2015 жылы атқарылған істер туралы және алдағы 5 жылда Ақмола облысында қолға алатын шаруалар жайында есеп бердім.
Елбасы халықтың әлеумттік хал-ахуалына қатысты көп сұрақтар қойып, тапсырмалар жүктеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен құрылыс саласына қатысты тапсырмалар тиянақты жүзеге асып жатыр.