Ел ағалары мен қоғам қайраткерлері айтқан пікір осыған саяды.
Жаһандық экономика ешқашан бір орында тұрған емес. Бірде дамып, бірде дағдарып отыратыны экономика заңдылығы. Сондықтан, кез-келген мемлекет қапы қалмас үшін ертерек қамданатыны бұл өмір заңдылығы.
Біздің Үкімет те экономиканың екпінін еселеп, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін тұрақты ету үшін күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Ерекше кезең деп ат қойып, айдар таққан өтпелі кезеңнің ауыр жүгін арқалайтын ойы озық, көзқарасы ерек заң шығарушы элитаны жасақтап алу кезек күттірмейтін шаруа.
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу уақытпен үндескен шешім. Бұл Елбасының Үндеуіне үн қосқан елдің пікірі. Әрі Ұлт жоспарын түбегейлі іске асыру үшін бізге жаңа лек, жаңа леп керек.
Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті:
Ол үшін жігерлі, білімді кәсіби әрі ғылыми негізде жұмыс істей алатын мамандар керек. Менің ойымша, сайлау қоғамымыздың, Қазақстан халқының ары қарай өсуіне, мемлекеттің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Аманжол Қасабек, Философия ғылымдарының докторы:
Біз қазір тездету заманында тұрмыз. Сондықтан, уақытымыз қымбат. Мәжілісті қайтадан тездетіп сайлап алуымыз керек. Көптеген жаңа заңдар қабылдауымыз қажет. Заңдық билікке бір топ жаңа леп адамдар келу керек.
Оралбай Әбдікәрімов, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Жаңа идея мен жаңа саясаткерлер керек. Сол өзі жаңарған сайын, көп шешімдер келеді. Мұндайда диалог болады. Осындайда ең керекті деген мәселелердің шешілу жолдары шығады.
Мемлекет басшысы шешім қабылдамас бұрын жан-жақты талқылап, ойланды. Президенттің бұл ұйғарымы дағдарысқа қарсы шара боларына күмән жоқ. Құрыш білек жұмысшы қауымы да бұған кәміл сенеді.
Қуаныш Мұқышев, «Тұлпар-Тальго» ЖШС шебері:
Ертерек сайлау өткізу жоспарын толығымен біз енді қолдаймыз. Бізге жаңа заңдар мен кодекстер қабылдау керек. Бұл депутаттардың жұмысы. Егер олар жаңа тыныспен жұмыс істей бастаса, тек жақсылыққа әкеледі деген ойдамыз.
Аслан Хасенов, «Мейір-М» ЖШС құрылысшысы:
Қазіргі дағдарыс уақытында жаңа реформалар, жаңа заңдар енгізуіміз қажет. Сондықтан жас мамандар, жас қайраткерлер үмітімізді ақтайды деп ойлаймын.
Шетелдік сарапшылар да Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат сайлауын наурызда өткізу туралы шешімді құптап отыр.
Исмайыл Гүлтекин, Ыстамбұл қаласы губернаторының орынбасары:
Бұл ел өміріндегі маңызы зор тарихи шешім. Өйткені, Қазақстан алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін осындай батыл қадамға барып отыр. Ал, Парламенттің жаңа құрамына жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру, ғаламдық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы өрге сүйреу сынды өзекті міндеттер жүктеледі. Сондықтан, алдағы саяси сайыстың тартысты өтетініне сенімдімін.
Ирнерио Семинаторе, Еуропалық халықаралық қатынастар институтының президенті:
Президент Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысын жан-жақты саралады. Әлемдегі саяси-экономикалық ахуалды бағамдап барып, сайлауды көктемде өткізген дұрыс деп шешім қабылдады.
Қазақстан аз уақыт ішінде жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 74-ші орыннан 42-ші орынға көтерілді. Жаңадан сайланатын депутаттардың ендігі міндеті-осы көрсеткішті одан әрі жақсарту.
Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосуға бағытталған стратегиялық жоспарды сәтті жүзеге асыруға күш салу. Парламенттің жаңадан жасақталатын құрамы Президенттің сенімін ақтап, елдің, халықтың мүддесі үшін жемісті қызмет атқаруына тілектеспін.
Елбасының Үндеуі кемел келешекке жасалған қадам. Алматылық бизнесмендердің ортақ ойы осы. Ұлт жоспарын жүзеге асыруда жұдырықтай жұмылып, жұмыс істеу міндет. Себебі, қазір көптеген елдердің экономикасын тығырыққа тіреген дағдарыс жылдам іс-әрекетті талап етіп отыр. Сондықтан, мезгілінен бұрын сайлау өткізсек, халықтың сенімі нығаяды.
Ерлан Стамбеков, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы:
Біз, кәсіпкерлер, Қазақстанда Парламент және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын қолдаймыз. Бұл бізге берілген мүмкіндік.
Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы:
Әлеуметтік сауалнамаларға сай қазақстандықтардың 90 пайыздан астамы сайлауды кейінге қалдырмаған дұрыс деп есептейді.Себебі бұл қазіргі экономикалық тұрақсыздық жағдайында біршама қаражатты үнемдеуге сеп болады.
Қазіргі жағдайда ел келешегі үшін тың көзқарас пен соны бастамалар ауадай қажет дейді қарапайым халық.
Ғабділмәжит Омар, мұғалім:
Бұл дер кезінде қабылданған шешім деп ойлаймыз. Себебі әлемдік дағдарыстың салдары ауыр болуы мүмкін. Сайлау науқаны сондай бір ауыр кезеңмен сәйкес келіп қалмау үшін күні бұрын дағдарыстың алдын-алу мақсатында жүргізіліп отырған ең үлкен шара деп ойлаймын.
Бастар Маханов, ұстаз:
Мәжіліске депутаттар сайлау 20-шы наурызға бекітілгені мен өз басым құптаймын. Дұрыс шешім. Мұны халық қолдап отыр. Бұрынғы істеген депутаттардың орнына жігерлі жастар келеді деп ойлаймын. Ертерек сайлау өткізудің арқасында біраз шығынды үнемдейді екенбіз. Бұның өзі өте орынды мәселе.
Мәжіліске іскер азаматтар қажет. Өйткені, жаһандық дағдарысқа қарсы жоспарды түзетін де, заң шығаратын да солар. Отандық сарапшылардың пікірі-пайымы осындай.
Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:
Менің ойымша Президент депутаттардың бастамасын қолдау арқылы оң шешім жасады. Ол саяси элитаның қайта жасақталуына мүмкіндік берді. Қалай дегенмен де Парламент мемлекетті басқарудың негізгі тетігі. Парламент дегеніміз жай ғана партия мүшелері емес, ол қоғамның пікірін білдіретін халықтың таңдаулы азаматтары.
Төрт жыл бұрын сайлау өткенімен, қазіргі уақытта оның қайта өткізілуі үлкен маңызға ие. Себебі партиялар өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын да әзірлеп үлгеруі тиіс.
Анна Гусарова, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:
Кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылуы – бүгінгі күннің талаптарына сай, заңнамалар аясында жасалған өте сәтті шешім болды. Өйткені Елбасымыз Мәжіліс және Сенат төрағаларымен, Премьер-Министрмен, сондай-ақ, Конституциялық кеңестің басшысымен кездесулер өткізді. Жалпы үдерісті заңдық және құқықтық тұрғыдан алып қарайтын болса, барлық рәсімдер толық сақталды.
Жаңа экономикалық жағдай, жаңа заң шығарушы билік құрамын қалыптастыруды талап етті. Мерзімінен бұрын өтетін сайлау сол талаптарға жауап екендігінде күмән жоқ.
Ғабит БӨКЕНБАЙ