Елімізде қоян өсіретін фермалар саусақпен санарлық. Бірақ олардың өзінде орқұлақтардың саны тым аз. Кейбірі тіпті ашылмай жатып жабылып қалған. Өйткені қоянның етіне сұраныс көп емес. Ақмола облысындағы мекеме осыдан 4 жыл бұрын ашылған. Алғашында Ресейдің Новосібір қаласынан және Оңтүстік Қазақстан облысынан 70 аналық және 10 аталық қоян сатып әкеп, шаруашылық құрған.
Лаура Бұршақбаева, қоян шаруашылығы фермасының ғылыми қызметкері:
Бұл – ірі аққоян. Ол осында өсірілетін 4 тұқымның ішіндегі ең ірісі. Бұлардың ең үлкенінің салмағы 6 келіге дейін барады. 12 көжекке дейін туады. Өте жақсы тұқым болып есептеледі.
Лаура-шаруашылық ашылғаннан бері ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп жүр. Астанадағы агротехникалқ университетте доктарантурада оқиды. Зерттеу тақырыбы – қоян шаруашылығы. Лаураның айтуынша, бұл қояндар тоңбайды. Ыстыққа да төзімді. Қорасы жайлы, қарны тоқ болса, қоян өсімтал жануар.

Бұл минифермалардың өзінің ерекшеліктері бар. Бұл миниферма «Юрта» минифермасы деп аталады. Ал, мынау миниферма «Кварта» деп аталады. Мына жақта аналық қояндар өзінің көжектерімен отырса, кейін 70 күннен кейін енесінен айырып, бордақылауға отырғызамыз. Осы жерде 120 күнге дейін 4 келі салмақ жинағанша отырады.
Қояндардың басты ерекшелігі – олардың өсімталдығы. Жылына олар 4 рет көбейіп, кем дегенде 20-25 көжек береді. Торда тұрған Шампань деген аталық қоян. Олардың әрқайсысының ныспылары да бар. Әрине, аталық қояндардың бағалары да қымбат. Мысалы, мына Шампаньді сонау Новосібірден 60 мың теңгеге сатып әкелген.
Асыл тұқымды қоянның салмағы да көп, етті де жақсы береді. Әрі өте төзімді, тек алдынан азық үзілмесе болды. Тамақ дегенде, біздің көз алдымызға сәбіз жеп отырған қоян елестейді. Бірақ мына акселераттарды құнарлы тағаммен ғана қоректендіреді.

Құрама жем береміз. Негізі бір қоян күніне 116 грамм құрама жем жейді, 80 грамм шөп жейді. Шөптен жоңышқа береміз. Арнайы технология бойынша өсіріп жатқандықтан бұларды 120 күнде союға жібереміз. Яғни, сол 120 күнде бұлар 4 келі салмаққа дейін алады. Таза сойыс салмағы 3-2,5 келіге дейін жетеді.
Енді шаруашылықтың пайдасы мен шығыны туралы. Қазы-қартадан басқаны місе тұтпайтын қазақ үшін қоян еті жай тіскебасар тағам санатында. Сондықтан қоян саудасы қызбай тұр. Ал, құнарлылығы, сіңімділігі жағынан алғанда қоян еті бәрінен басып озып, бірінші орынға шығады. Екінші күркетауық еті, содан кейін барып қана жылқы еті. Біз емес, диетолог дәрігерлер солай дейді.
Айгүл Сүлейменова, диетолог, гастроэнтеролог:
Қоян еті диеталық етке жатады. Биологиялық құнарлылығы өте жоғары. Сондықтан балалар мен қарт кісілердің ас мәзірінде міндетті түрде қоян еті болу керек. Бұл еттің колориясы өте төмен. Мысалы, 100 грамм етте 156 килоколорий. Пісіріп, қуырып, маринадтаған кезде де оның колориясы небәрі 176 болады.
Қоян еті салмақ қостырмайды. Артық салмақтан арыла алмай жүргендерге де дәрігерлер осы етті жеуге кеңес береді.

Қоян етінің құрамында ақуыз, магний, фосфор, мырыш, Б6, Б12 дәрумендері, 19 түрлі аминқышқылы бар. Майлы емес. Өкпесі ауырған науқастарға, созылмалы бронхитпен ауырғанда жақсы ем болады. Түрлі тері ауруларына шипа. Қант диабеті, жүрек қан тамырлары ауруы, семіздік, сонымен қатар, бүйрек ауырғанда қоянның бауыры өте жақсы көмектеседі.
Бұл етінің пайдасы. Енді, сүтіне келейік. Біле білгенге, қоянның сүті де құнарлы. Өйткені, небәрі 50 грамм боп туған көжектер бір аптаның ішінде екі есе салмақ қосады. Демек, сүттің сиқыры бар.
Ресейдің Челябинск облысында бір шаруашылық қоян сауып отыр. Алғашында бірнеше тамшы ғана алыпты, кейін жарты стақанға дейін жеткізген.
Ал, ғалымдардың зерттеуі мынандай: қояннан тәулігіне 200-250 грамм сүт шығады. Сүтінің құрамында 12,9 пайыз ақуыз бар. Майлылығы 15 пайыз.
Ауызекі сөйлегенде «тәжірибелік көжек» деген сөз бар. Текке айтылмаса керек. Өйткені, қоян кез келген экспериментке шыдайды. Ағзасы әлдеқайда мықты. Сондықтан болар, қоянтанушы ғалымдар сүтін табиғи антибиотикке балайды. Әсіресе, өкпе ауруы, онкологияда таптырмас дәрі деп жазады. Бұл Ресейдегі жағдай. Ал, бізде қоян шаруашылығы жақсы дами қойған жоқ. Сүті тұрмақ, етінің дәмін енді-енді көріп жатырмыз.

Көбінесе мейрамханаларда, супермаркеттерде, жеке тұлғалар келіп алады. Балаларға пайдалы болғандықтан етін сатып алып жатады.
Қояндар фермада сойылады. Халал стандартын да алған. Етін тоңазытқыштарда сақтайды. Қоян етінің орташа сойыс салмағы 4-5 келі. 1 килограмм еті 2-2,500 мың теңге, ал тұтас еті 6 мың теңгеден саудаланады. Бұл Астанадағы баға.
Астана қоян етінен дәмді тағам ұсынатын мейрамханалар да көбейіп келеді. Зоран Велькович – Сербиядан келген аспаз. Европада, Ресейде қоян етінен дайындалатын тамаққа сұраныс жақсы. Астанада да бірді-екілі тапсырыс болған. Ол біздің өтінішімізбен қоян етінен пирог әзірледі.
Зоран Велькович, бас аспаз:
Қоян етінен өте көп тағам түрін әзірлеуге болады. Сүйегін қайнатып, көкөністер салса, жеңіл-желпі бірақ өте пайдалы ас болады. Етін де қуырып, бұқтырып кез келген тамаққа пайдаланамыз. Қоян еті-деликатес болып есептеледі. Сондықтан бағасы да қымбат.
Қоян бағу аса қиын шаруа емес. Қашып кетпейді. Егер торынан түсіп қалса, сол жерде тапжылмай отыра береді. Арқаның аязында далада тұрғандықтан, терісі де қалың болар деп ойладық.
Кәсіптің көзін, табыстың тетігін тапқан өзге мемлекеттегі шаруалар қоянның құмалағынан да пайда көріп отыр. Қоян түгілі тышқанның пұшпағынан тон тігетіндер біздегі өтпей жатқан мына терілерді көрсе тарпа бас салар еді. Бірақ кез келген бизнес түрі кеткен шығынды бірден ақтамайды.
Қазаққа таңсық болса да бұл кәсіпті қолға алғандардың батылдығы қуантты. Демек, бір оқпен екі қоян ататын күн алыс емес.
Айнұр ОМАР