Шаһардың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі түзеліп, аймақта шағын бизнес өркен жаюда.
Қазақстанда атауы ең сәтті қойылған аз шаһардың бірі – Арқалық. Ептеп ойласаңыз, ұшы-қиыры жоқ, қалай қарасаң да көзің көкжиекке бар бір-ақ тірелетін арқа даласындағы қалаға одан басқа атап тіпті жарамас еді.
Арқаның қаласы, арқанікі деген ұғым сыйып тұр Арқалық атауына. Бұл қаланың қалмақша да, орысша да атауы жоқ – жалғыз ауыз сөз Арқалық. Өзі еш мекенде қайталанбайды да, ұқсамайды.
Негізі мемлекеттің шағын қалаларды дамытуға арналған бағдарламасы тоқсаныншы жылдары тұралап қалған шаһарлардың еңсесін қайта тіктеуге мүмкіндік берді. Соның бірі - Қостанай облысындағы Арқалық қаласы. Ең басты жетістік – мұнда Арқалық–Шұбаркөл теміржол желісінің салынуы.
Темір жол арқылы құлазыған құла түзге жан бітті. Ондаған станция, теміржол бекеттері салынды, жүздеген жұмыс орындары ашылды. Жаңа желі тауарлардың тасымал құнын арзандатып, Арқалықтың ғана емес, жалпы еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына тың серпін берді.
«Бизнестің жол картасы», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашты. Қазір Арқалықта осы жобалар аясында мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелеткен азаматтардың қатары көбейген.
Жылы үйдің қадірін арқалықтықтар жақсы біледі. Шәмшия Бекетова тоқсаныншы жылдары пәтерлер жылусыз, жарықсыз қалған қиын кездерге куә болғандардың бірі.
Оның мұнда тұрып жатқанына ширек ғасыр өтіпті. Бес бала тәрбиелеп өсірген. Қазір олардың бәрі ер жетіп, әртүрлі салада еңбек етіп жүр. Кейуана жыл өткен сайын елдің тұрмысы түзеліп келе жатқанына қуанады.
Шәмшия Бекетова, Арқалық қаласының тұрғыны:
Зейнетақымыз көбейіп жатыр. Елбасыға рахмет. Осылай жағдайымызды жасап жатқаны үшін. Бала-шағамыздың рахатын көріп, бақуатты тірлік кешіп жүрміз.
Кейбіреулер айтып жүргендей «Боксит қоры түгесілсе қаланың да тірлігі тоқтайды» деген уәжбен арқалықтықтар келіспейді. Себебі, мұндағы тірлік тек өндіріске байлаулы емес.
2014-ші жылы пайдалануға берілген Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінің өзі 600 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қалаға қарайтын 18 ауылдық елді мекенде қамырлылығы жоғары қатты бидай мен төрт түлік мал өсіріледі.
Яғни, тұрмысты түрлендіруге ауыл шаруашылығы да үлкен демеу бола алады. Мұның сыртында шағын және орта бизнес саласы да өркендеп келеді. Бүгінде Арқалықта 470 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Қаладан шығатын жалпы өнімнің 54 пайызы осы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі.
Қайрат Әбішев, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары:
Сауда үйлері, көлік жуу, кір жуу, шаштараздар ашылып жатыр. Үкімет көмекті көбейтіп жатыр осы салаға. Мына кейбір экономикалық қиындықтарға қарамастан. Себебі, ел экономикасының болашағы осы шағын және орта бизнестің қолында.
2015-ші жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша тұрғындарға 242 миллион теңге жеңілдетілген несие беріліп, 34 жоба жүзеге асқан. Сонымен қатар, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасына сәйкес 260 миллион теңге бөлініпті.
Бұл қаржы бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан бизнес құрылымдардың өз кәсібін онан әрі өркендетуіне жұмсалады. Мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып кәсібін ашқандардың бірі Ерлан Нұрғалиев.
Ол бүгінде шағын баспаның иесі. Өзінен бөлек тағы екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Тапсырыс мол, сондықтан табысы да жаман емес.
Ерлан Нұрғалиев, кәсіпкер:
Қаладағы ұйымдар, шағын кәсіпорындар, сосын мына мемлекеттік сатып алуға қатысамыз. Бланкілер, журналдар, кішкентай кітапшалар ұтып алып, соларды істейміз.
Алты айға созылатын арқаның қысында жол қатынасын қамтамасыз етіп, жылу жүйесінде ақау кетпеуін қадағалау да жауапты іс. Арқалық қаласына қарасты елді мекендерге баратын жолдардың жалпы ұзындығы 279 шақырым. Оны қардан уақтылы тазалап отыру үшін жергілікті бюджеттен 22 миллион теңге бөлінген.
Дәуренбек Нұрлыбеков, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары:
Барлық 18 ауылмен қатынас бар. Күнде келіп түскен ақпаратқа байланысты тазалау жұмыстары жүргізіледі. Адам мен техника күші жеткілікті.
Әзірге жылу беру жүйесінде де ақау жоқ. Жаз айларында тиісті жөндеуден өткен желінің жұмысы бірқалыпты. Бұл нысан кезінде 70 мың тұрғынға шақталып салынған. Қазір халық саны 29 мың ғана.
Отын ретінде пайдаланылатын мазуттың да бағасы қымбат. Тасымалын қоса есептегенде бір тоннасы 44 882 теңгеге жетеді. Соның кесірінен жылуға кететін шығын тұтынушылар төлемімен өтелмейді.
Мысалы, бір жылдық отынға 1 миллиард 73 миллион теңге қажет болса, соның 634 миллионы мемлекеттен субсидия есебінде бөлінеді. Мұндай қайтарымсыз қып-қызыл шығыннан құтылудың жолы – қатты отынмен жанатын жылу орталығын тұрғызу.
Амандық Әбішев, Арқалық жылу орталығының директоры:
Мазутты Атырау облысының Ақжайық станциясынан тасиды. Егер жақын жердегі көмірді пайдалансақ әрине, арзан болады.
Салыстыру үшін айтсақ, Шұбаркөлден жаңа теміржол желісі арқылы әкелінген көмірдің тоннасы 9, 9 жарым мың теңге. Сонда отын құны бес есе арзандайды. Қатты отынмен жанатын орталық салуға орташа есеппен 6 миллиард теңге қажет.
«Егер осы мәселе шешілсе, Арқалықтың жылу жүйесі мемлекет көмегіне мұқтаждықтан арылар еді», дейді мамандар. Ал, бұл стратегиялық қауіпсіздік үшін де маңызды қадам.
Дәуренбек ӘБДІБЕК