Еліміздің кейбір аймақтары бұл шараны қазірден бастап жүзеге асыруда.
Осыдан үш жыл бұрын біздің елде Президенттің тапсырмасымен кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту басталды. Мақсат - теория мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби білікті кадр дайындау.
Осыған орай елде кадрларды қайта даярлайтын төрт өңіраралық орталық құрылды. Атап айтсақ, Атырауда мұнай-газ саласы үшін, Екібастұзда отын-энергетика, Өскеменде машина жасау және Шымкентте өңдеуші өнеркәсіп саласы үшін маман дайындайтын орталықтар салынуда.
Әрі Президент тапсырмасына сай Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында кәсіптік-техникалық білім берудің халықаралық стандарттарын меңгерген әлемдік деңгейдегі 4 колледж салу ойда бар.
Ал, соңғы Жолдауында Мемлекет басшысы келер жылдан бастап елдегі барлық кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін түгел тегін қылуды тапсырды. Демек, мектеп қабырғасынан кейін оқуға түсе алмағандардың алаңдауына негіз жоқ.
Себебі, оның қайткенде де, бір мамандықты игеруіне мемлекет мүмкіндік жасайды. Елбасының бұл бастамасын кейбір аймақтардағы білім беру басқармалары қазірден-ақ іске асыра бастады.
Ғалымжан - «Серпін-2050» бағдарламасымен оқып жүрген жастардың бірі. Шығыстағы Риддерге Шардарадан келген. Отбасындағы 4-ші бала. Кенже болса да, бүкіл әулетінде бірінші болып жаңа мамандықты меңгеріп жатыр.
Ғалымжан Бегалы, студент:
Осы метталлург мамандығын отбасымызда мен ғана алып шығамын. Қалған әпкелерім медицина саласында оқып, қазір жұмыс істеп, отбасын құрып отыр.
Ғалымжан оқып жатқан Риддер аграрлық-техникалық колледжі осыдан 20 жыл бұрын ашылған. Қазір 10 мамандық бойынша мыңға жуық студент білім алады.
Негізінен тау-кен өнеркәсібі мен орман шаруашылығының мамандарын дайындайтын оқу орны 2013 жылдан бастап «Серпін-2050» жобасын жүзеге асыруға үлесіп қосып келеді.
Бүгінде колледжде осы бағдарлама бойынша 25 студент металлург мамандығын меңгеріп жатыр. Шығысқа өзге өңірлерден келген жастар арнайы грантпен оқиды.
Ершабай Арап, студент:
Бір облыстан екінші облысқа қорықпай барыңдар, оқыңдар, білім алыңдар, жұмыс істеңдер деді. Мысалы, өзімнің мамандығыма келетін болсақ, бұл мамандыққа сұраныс көп.
Өйткені, металлургия саласы Қазақстанда дамып келе жатыр. Мен де сол дамыған металургиямызға өз үлесімді қоссам ба деген үміттемін. Осындай алда мақсаттарым бар.
Риддер қаласында кәсіптік-техникалық білім алып жатқан тағы бір студент - Қаламқас Қырықбаева. Қазір 2-курста. Келесі жылы дипломын алып, металлург атанады.
Арманы – осы өңірдегі кәсіпорындардың біріне жұмысқа тұру. Риддердегі металлургиялық кешеннің жұмысын өз көзімен көріп келген соң, алдына осындай мақсат қойған.
Қаламқас Қырықбаева, студент:
Өндірісте өзіміз көзімізбен көрдік, қалай жұмыс істеп жатқандарын. Қатты ұнады. Қазір міне, лабораторияда тәжірибелік жұмыстар істеп жатырмыз. Осы мамандық өзіме қатты ұнады. Енді келесі жылы диплом алғаннан кейін, осы жақта қалып, бір өндіріске жұмысқа тұрсам ба деп отырмын.
Білім мен білікті ұштастыру. Әлем жұрты оқытудың осы бір тәсілін дуальды білім беру деп жүр. Теориядан гөрі тәжірибеге көп сүйенетін жаңа оқу жүйесімен Шығыс Қазақстандағы орта оқу орындары еліміз бойынша ең алғашқылардың бірі болып жұмыс бастады.
Нәтиже жаман емес. Мәселен, тек Риддер аграрлық-техникалық колледжін тәмамдаған жастардың 90 пайызы бірден жұмысқа тұрған.
Александр Самойленко, Риддер аргарлық-техникалық колледж директоры:
Біз дуальды білім беру жүйесімен жұмыс істеп жатқанымызға 3 жыл болды. Кәсіпорындармен жақсы қарым-қатынас орнатылған. Оқу жоспарларын өзгерттік. Балалар соңғы жылды кәсіпорында тәжірибеден өтеді.
Студенттер ол үшін жалақыларын алып, қосымша мамандықтарды игереді. Дипломдарын қорғаған соң, барлығы сол жұмыс орындарында қалады.
Мемлекет басшысы Жолдауында келер жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім берілетінін жариялады. Сосын жастарды жұмысшы мамандықтарын игеруге шақырды.
«Нұрлы жол», «100 нақты қадам», «Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы» сияқты ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру үшін елімізге білікті мамандар қажет.
Ал, бірінші кәсіптік-техникалық мамандық жастарға тегін берілетін болса, бұл мәселе оң шешіледі. Мектеп бітіріп алып, ата-анасының мойынында отыратын жастар да азаяды.
Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Бүкіл Қазақстанда бізде проблема болатын, жыл сайын 30 жас мектеп бітіріп ЖОО немесе колледжге түсе алмай қалатын. Енді сол балаларға арнайы мемлекет тарапынан грант беріп, олар колледждерге түсіп білім ала алады.
Қазір елімізде 800-ге жуық колледж бар болса, олардың 80-ні Шығыста. Осы оқу орындарында білім алып жатқан жастардың жалпы саны 36 мыңнан астам.
Назгүл Қайратова, студент:
Білім алуға, диплом алуға бізге көп жағдай жасалуда. Сол себептен оқу бойынша мен қорықпаймын. Өйткені, бізге жұмыс болады. Оқуды бітіріп, елімізді дамытуға үлесімді қосуға әзірміз.
Риддер – өндірісті өңір. Халықтың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. Мұндағы кен орындарында Менделеев кестесіндегі элементтердің 70 пайызы бар.
Шалғайдағы шаһарды Өскеменнен кейінгі екінші кеншілер қаласы дейді. Бірақ мұнда басқа салаларды дамытуға да мүмкіндік мол.
Данияр Дүйсембаев, Риддер қаласы әкімінің орынбасары:
Біз бүгінде өндіріске ғана тіреліп қоймай, туризмды дамытып жатырмыз. Мал шаруашылығын, сүт-тауарлы фермаларды дамытып жатырмыз. Өйткені, бүгінгі таңда бізде өзіміздің етіміз болу керек, сүтіміз болу керек.
Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын Шығыс Қазақстан облысындағы жастар да толықтай оқып шықты. Олар қазақстандық арманның орындалып, еліміздің одан ары өркендеуі үшін Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын жүзеге асыруға барынша белсенді екендерін жеткізді.
Берік КӨШЕРБАЙ