Владимир Жұмақанов Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Жұмақанов Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

27.12.2015
Владимир Жұмақанов Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Нұрсұлтан Назарбаев Комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, жаңа басшыға көп жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Күні кеше Мемлекет басшысы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне барды. Онда Елбасы комитет төрағасы Нұртай Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты.

Сондай-ақ, Президент басшылық құрамға Комитеттің жаңа төрағасы Владимир Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, жаңа басшыға көп жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Айдош ӘШІМҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу