Президент Нұрсұлтан Назарбаев апта басында ресми сапармен Катарға барды. Мақсат – екіжақты қарым-қатынасты нықтап, біздің экономикаға инвестиция тарту.
Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің кездесуінде қос мемлекет үшін ынтымаққа қолайлы салалар таразыланды. Катар тарабы қазақтың бірқатар салаларына қаржы құюға бейілді.
Бұл сапар Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің шақыруына орайласқан. Екі мемлекет бұған дейін бар қарым-қатынасты нығыздай түспек ниетте.
Қазақстан да, Катар да өз өңірлерінде һәм халықаралық саясатта белсенді. Енді екіжақты, оның ішінде қаржы секторы, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым салаларында байланысты тереңдетпек.
Ресми сапар аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қазақстан мен Катар дипломаттарды виза міндетінен босату, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақты ұлғайту туралы келісімдерді бекітті.
Сондай-ақ, қазақтың ұлттық банкі мен Катардың орталық банкі өзара түсіністік туралы меморандум бекітті.
Қазақстан мен Катар бірлесіп, күннен энергия алатын қондырғылар зауытын салмақ. Кәсіпорынның жобасы дайын, таңдалған мекен - Өскемен.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» мен «Qatar Solar Energy» компаниясы бүгін келіссөздердің нәтижесін арнайы құжатпен бекітті. Кәсіпорын фотоэлектрикалық ұяшықтарды құрап, қондырғыны әлемдік нарыққа шығармақ. Тартылатын инвестиция көлемі - 800 миллион АҚШ доллары.
Асқар Жұмағалиев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ төрағасы:
Бұл өндіріс бізге қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жаңғыртылған зауыт Өскеменде, шамамен, 2000 адамға жұмыс бере алады. Сонымен қатар, осы кәсіпорынның айналасында шағын және орта бизнесті дамытудың да мүмкіндігі болатынын біз жете түсінеміз.
Қазір жаһан экономикасының сипаты келісіп тұрған жоқ. Катар да біз секілді энергоресурстарға иек артқан ел. Ал, мұнайдың құны қалай құбылып тұрғаны біз айтпай-ақ белгілі.
Яғни, Катар бизнесі де қазір инвестиция құятын соны сала іздеп жатыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Катардың іскер және қаржылық элитасымен кездесті.
Қазақ елінде бизнесті қолдау, қорғау үшін атқарылып жатқан кешенді жұмыстар туралы пікір-пайымын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Иранның Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас портына Қазақстаннан тікелей шығатын теміржол елдеріміз арасындағы тауар айналымының жандануына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Орталық Азияда Қазақстанның әлеуеті зор және экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті. Біз ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайынбыз.
Қазақстан қазір инфрақұрылымдық жобаларға өте маңыз беріп отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның шығыс пен бастысты жалғайтын транзиттік көпірге айналғысы келетінін жасырмады.

Біз бүгінде ірі транзиттік-логистикалық хаб жасақтап жатырмыз. Ол шығысты, батысты және солтүстікті байланыстырады. Сол арқылы адамзаттың 4/1-і тұрып жатқан 60-қа тарта мемлекетті бір-бірімен байланыстыратын жаңа «Жібек жолы» Қытай, Ресей, Орталық Азия нарығын үйлестіреді.
Катар бизнесі қазақ нарығына бейілді. Жоғарыда да айттық, ауыл шаруашылығы, қаржы секторы, инфрақұрылымға инвестиция салуға ынта білдірді.
Бұл ретте жаңа экономикалық саясаттың негізгі сағасы «Нұрлы жол» бағдарламасын да атап өткен абзал. Ал, инвестицияның әр тиыны жаңа жұмыс орны, жаңа кәспорын, жаңа жоба екенін біздің қоғам түсінсе керек.
Хусейн Әл Абдулла, Әл Раян банкінің төрағасы:
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалауға болады. Қазір екіжақты зерттеу, зерделеу кезеңі. Бізді Қазақ елінің қаржы секторы, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы саласы қызықтырады. Басталған істердің берекелі боларына сенімдіміз.
Қазақстанның Қытаймен бірлескен инфрақұрылым қоры бар. Катардың дәл осындай құрылымы сол қордың капиталына қатысуға ниет білдірді. Катар құятын қаржының көлемі 100 миллион АҚШ доллары.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Біздің Қытай елімен бастап құрған Қазақстан инфрақұрылымдық қорына Катар инвестқоры 100 милллон АҚШ долларымен капиталға кірейін деп жатыр. Бірақ ол басындағы соммасы. Әрі қарай жұмысымыз дұрыс болса, тағы көтереміз деген мақсатымыз бар.
Астанада Катар мемлекетінің қаржысына үлкен мектеп салынбақ. Оған Катар әмірінің аты беріледі.
Мектептің құны 12,5 миллион АҚШ доллары. Шамамен, 20 мың балаға есептелген кешеннің қазір жобасы жасалып жатыр.