Қос бүйірден қысып, дағдарыстың кезекті толқыны келе жатыр. Бұл тіпті, сонау біз өткерген 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан да жойқын деді, ел Президенті. Оның салқынын, салдарын төрт тарап қазірден сезіп отыр. Сарапшылардың дені бұл дағдарысты тек экономикалық қана емес, саяси һәм әлеуметтік тұрақсыздықтан іздейді. Қашанға созыларын ешкім дөп басып айта алмайды. 3 жыл, 5 жыл, бәлкім 15. Әрине, біз де мынау ғаламшардың бір бөлшегіміз. Қаржылық күйреудің кері әсері Қазақстанды айналып өтпейтіні анық. Бұл – заңды нәрсе.
Сондықтан, Елбасы тығырықтан шығудың жолын ауыл шаруашылығынан іздеңдер, деді. Біздің жер мал бағуға, дән себуге аса қолайлы. Қолда барды пайдалансақ қана, есеміз кетпейді, есебіміз түгел болмақ. Экономикалық сарапшылардың көбі Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатын қолдайды. Әрі күрделі кезеңнен абыроймен өтудің басқа да тәсілдерін ұсынады.
Шикізат бағасы біз қалағандай емес қазір. Жаһанда түрлі-түсті металл, көмір мен темірдің құны құлдырай бастады. Мұнайдың бағасы да мұңайтады. Былтырдан бері 2,5 есе арзандады. Қазақстан экономикасы шикізатқа тікелей тәуелді. Осы уақытқа дейін бар күшті шикізат экспортына жұмсадық. Соның арқасында 1990-2014 жылдар арасында мұнай өндірісі 3 есе, металл өндірісі 2 есе ұлғайды. Қазір, ел экспортындағы шикі мұнайдың үлесі 55 пайыз, металл-14 пайыз.
Салыстырмалы түрде, ары бармай-ақ, көрші Ресейде экспорттың 39 пайызы – шикі мұнай. Түркіменстан экспортының 81 пайызы – табиғи газ. Украинаның ең көп экспорттайтын шикізаты – темір, оның жалпы сыртқы саудадағы үлесі – 9 пайыз. Қырғыз Республикасы алтын саудасына тәуелді, ел экспортының 34 пайызын құрайды.
Аталған шикізаттың барлығы нарықта өзінің құнын жоғалтты. Бағаны кім белгілейді?
Ерлан Әбіл, экономист:
Экспортқа шығаратын заттарымыз - металл болсын, көмір болсын, мұнай болсын бұл көбінесе экспортқа шығарылады. Бұл бағаның тұрғызылуына әлемдік нарық билік жүргізеді. Сондықтан, біз әрине тәуелді екеніміз анық.
Нақты себеп, сұраныстан ұсыныс көп. Дәлірек, қазір жиһанда бір күнде 93 млн 500 мың баррель мұнай өндіріледі. Ал, жұртқа керегі – 92 млн. 1,5 млн баррелі артық. Осы процесс – бағаның құлауына әкеп соғады.
Қара алтын әлемнің 80 елінде өндіріледі. Мұнай эскпорттаушы елдің бірі – Иран. Әзірге бұл ел санкция құрсауында. Бірақ, жаңа жылдан кешікпей шектеу алынып тасталмақ. Бұл – парсы елінің «қара алтынын» әлемдік нарыққа шығаруына мүмкіндік береді. Иранның мұнайды тәулігіне 500 мың баррельге дейін өндіруге қауқары барын білеміз. Демек, баға нарығы әлі де құлдырайды деген қауіп басым.
Рашид Жақсылықов, экономикалық сарапшы:
Бұл дағдарыс неліктен алдыңғысынан ауыр дегене заңды сұрақ туады. Бұрынғы кездерде мұнайға баға құлаған кезде түрлі-түсті металдарға баға құламайтын, қайта өсетін, бірақ, осы жолы қатар келіп қалып отыр. Негізі түрлі түсті металды сұранысқа үлкен қабілеті бар – Қытай мемелкеті. Қазіргі таңда 37-45 пайызы өндірілген металдардың барын сатып алуда. Металл нарығында да тура мұнай саласындағыдай жағдай туындап жатыр. Өндірушілер көп, сұранысан асып жатыр.
Мемлекет бюджетіне түсетін кіріс мөлшері азайды. Себебін жоғарыда айттық. Бұл тапшылық енді, экономиканың барлық салаларына кері әсер етеді.
Олжас Құдайбергенов, макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры
Дағдарыс былтырдан басталды. Әрине, кері әсері көп. Инфляция өседі, соған сай жалақы айтарлықтай көтеріледі деп, айта алмаймыз. Яғни, ақшасы аз адам, қымбат тауарды сатып алмайды ғой. Сондықтан, бұл әсересе шағын және орта бизнеске кері әсер етеді. Қазір, өткен жылдан бері табыстан гөрі бюджетте шығын көп. Егер экономиканы шикізатқа бағыттасақ, онда мұнай бағасы өскенге дейін дағдарыс бола береді біз үшін. Ал, егер ойынның ережесін ауыстырсақ, бәрі де жақын уақытта өзгеруі мүмкін.
Экономистер дағдарыс дауылы елдегі өндірістік кәсіпорындардың 40 пайызын теңселтеді деп, отыр. Сол себепті, Үкіметтің дотациясы мен субсидиясына сүйеніп алған кәсіпорындар қазірден қамдануы қажет. Мемлекет енді оларды негізсіз қаржыландырмайды. Нақты пайдасы бар кәсіпорындар ғана қалады. «Алма піс, аузыма келіп түс» дейтін заман емес. Әркім тығырықтан шығудың жолын іздегені жөн.
Рашид Жақсылықов, экономикалық сарапшы:
Нақты басшылардың өзінің осы кризиске қарсы қолданатын бағдарламасына қарай болады. Егер, бағдарламасы дұрыс болып, жетпей жатқан қаражатын банктермен келісіп, инвестор тартса, ол оның шеберлігі.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде, машина жасау саласы да бәсеңдеді. Мысалы, Өскеменде «Азия Авто» зауыты бар. Экономикалық тұрақсыздықтың кесірінен сауда ақсады. Зауыт дүниежүзілік дағдарыс қыспағында қалып қоймас үшін, жаңа нарықтарды бағындыруға әрекеттеніп отыр. Көліктерін Ресейде саудалауды көздейді. Бүгінде толық циклды автозауыт пен автобөлшектер өндіру бойынша ірі технопарктың іргетасы қаланып, құрылыс қызу жүріп жатыр.
Дмитрий Павлов, «Азия Авто Қазақстан» АҚ техникалық даму бойынша директоры:
Біздің көліктер Орал, Сібір және Киыр Шығыс өңірлерінде сатылады деп, келістік. Сонымен қатар, жаңа өнімді бізбен көршілес өзге мемлекеттердің нарығына жеткіземіз деп, жоспарлап отырмыз.
Кәсіпорындар жабылса, мыңдаған маман жұмыссыз қалады. Түсінікті жайт. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындардың өндірістік қуатының азаюынан 700-ге тарта жұмыскер мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа жіберілді. Одан тыс 554 адам қысқарды. Мәселені шешудің бір жолы – мұндай азаматтардың кәсіптік-техникалық білім арқылы жаңа мамандық алуына жағдай жасау. Яғни, нарыққа керек мамандықтарды игеру арқылы, жұмыссыздыққа жол бермеу. Биыл, маусым айынан бері облыста 178 адам қайта даярлау курсына жіберілді.
Әлиасқар Беркінбаев, оқу орталығының шебері:
Мен жұмыстан қысқартылған уақытта электр мамандығына сұраныс көбейді. Электр мамандығын оқып игеріп алдым. Қазір, сол бойыша ісімді жасап жатырмын.
Нарықтық экономикаға - тұрақтылық тән емес, құбылып тұрады. Мұнай мен көмір, темірге телміруді қою керек. Дағдарыстың алдыңғы толқындары да шикізат сатумен ғана шектелудің салдары барын көрсетті. Сын сағатта не істемек керек? Әрине, экономиканы әртараптандыруды үдету керек керек. Дайын өнім шығаруға дағдылану ләзім.
Рашид Жақсылықов, экономикалық сарапшы:
Түрлі - түсті металды соңғы продукт шығаруға бейімдеу керек: Қазір, біз жартылай шикізат ретінде сатып отырмыз ғой, слитоктар ретінде. Неге біз Қытайдан қасықтар алып жатырмыз? Мысалы, жай ғана 1 тонна алюминийді 1400 доллароға алды дейік, ол бізге қанша қасық сатады? Ол қасық боп бізге елге кіріп ақша болып қайтқанын кім зерттеп көрді?
Рецессиядан ентікпей шығудың тағы бір шарты – ауыл шаруашылығына ден қою. Елбасы осы салада сәл де болса ілгерілеу барын айтты. Сосын - инвестиция тарту керек. Инвестор дегеніміз-қып-қызыл ақша. Қазақстан 2012 жылы инвестиция көп құйылған әлемнің үздік 20 еліне кірді. Инвесторлар экономикасы тұрақты елмен ғана ынтымаққа ықылас қояды. Бізге қолда бардан айырылып қалмау қажет. Сосын, ақшаны бей-берекет жұмсауды доғарған жөн. Жалғыз Үкіметке емес, бәрімізге үнемді стратегиялық жобалау саясатына көшкен ләзім.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ