«Өмір өткелдері» - Елбасы Н.Назарбаевтың заман, қоғам туралы толғаныстары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өмір өткелдері» - Елбасы Н.Назарбаевтың заман, қоғам туралы толғаныстары

05.07.2015
«Өмір өткелдері» - Елбасы Н.Назарбаевтың заман, қоғам  туралы толғаныстары

Шығарманың өн бойында ғұмыр-белесі, Қазақстан тарихының жаңа заманы суреттеледі.

Елбасы кітапта өз өмірі туралы әңгімелеп, заман, қоғам  туралы толғаныстарын баяндайды. Экономикасы қуатты, Тәуелсіздігі тұрақты жаңа мемлекет құрудағы қиын да жарқын сәттер - кітаптың негізгі арқауы.

Мемлекет басшысының  балалық шағы мен  еңбек жолы турасында бұрын-соңды айтылмаған дүниелер де жарияланған. Кітап - терең ойдың жемісі, елге қызмет етудің, биікті бағындырудың, Отанды сүюдің жарқын үлгісі.

«Сондықтан,  бірегей туынды  әр шаңырақтың төрінен табылса, артық емес», дейді оқып үлгергендер.

Сондай-ақ, осы аптада «Өмір өткелдерінен» бөлек,  «Президент» атты жинақтың тұсауы кесілді. Бұл - «Егемен Қазақстан» газетінің бастамасы.

Туындыда Елбасы мен оның іргелі істері туралы баяндалған. Кітап соңғы бес жылда Мемлекет басшысы туралы жарияланған алуан түрлі мақалаларды қамтиды.

Сондай-ақ, онда ақындардың толғау, тілек мазмұнында айтылған бір топ өлеңі де бар. Қазақстан Президентінің маңызды кездесулерден түсірілген суреттері де туындының мазмұнын толықтыра түскен.

 

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу