Астанада отандық тауар өндіруші кәсіпорындардың көрмесі өтіп жатыр. Екі күннен бері еліміздің әр аймағынан келген кәсіпкерлер өнеркәсіптік өнімдерімен қатар, азық-түлік, киім-кешектерді әкеліп, көрменің көркін қыздырды. Себебі, бұл қазақстандық тауарлардың танымалдылығын арттырып, қолдауға бағытталған игі шара. Бизнесмендер «Қазақстанның үздік тауары» байқауы жылына бір емес, екі мәрте ұйымдастырылса да артық етпейді»,-дейді. Мұндай бастамалар - кәсіпкерліктің тасын өрге домалатып, оның одан әрі дамуына серпін береді. Сондықтан үміттерін үкілеген кәсіпкерлер байқауда жүлделі орыннан көрінсек, еткен еңбектің еш кетпегені, деп біледі.
Алмат ӘБДІРАМАН