Қазақстан сырттан инвестиция тарту бойынша әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарында

07.06.2015
Қазақстан сырттан инвестиция тарту бойынша әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарында

Біздің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық заңнамалар шетелдерден инвесторлардың көптеп келуіне септігін тигізіп отыр.

Мәселен, тек соңғы он жылда Қазақ еліне 200 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бұл Орталық Азия мемлекеттеріне келген қаржының 70 пайызы.

Осылайша, Қазақстан сырттан инвестиция тарту бойынша әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарына кіріп отыр. Қазір біздің елде 10 мыңнан астам шетелдік кәсіпорын  жұмыс істейді.

Олар ел экономикасына еселі үлес қосу үшін біздегі инвесторлардың кейбіреулері корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан 10 жылға дейін босатылған. Мұндай артықшылықтар отандық экономикаға 20 миллиард доллардан кем қаражат салмайтын бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Бұдан бөлек, оларға басқа да салықтық жеңілдіктер жасалған.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу