Ұлттық музейде өткен Музей түні (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде өткен Музей түні (БЕЙНЕБАЯН)

24.05.2015
Ұлттық музейде өткен Музей түні (БЕЙНЕБАЯН)

Музей демекші, осы аптаның басы 18 мамыр - Халықаралық музей күнімен елдің есінде қалды. Бұл күн - тарихтың құн-қадірін білетіндер үшін кәдімгі мейрам. 1977 жылдан бастап дүниенің 130 елінде мереке ретінде өткізіліп келеді. Білсеңіз, қазір біздің елде 250 музей бар. Ресми  тіркелгені - 231. Кейінге шегінейік.

Қазақстандағы алғашқы музей ашу  бастамасын  1823 жылы Жәңгір хан көтерген. Сол жылы ол өз ордасында музейлік көрме залын ашқан. Ал, ресми түрде Қазақстандағы алғашқы музей 1831 жылы Орынборда халыққа қызмет көрсеткен.

Кейін 1883 жылы Семейде, 1898 жылы Верныйда, 1859 жылы Оралда жұмысын бастады. Ең ескі музей Семейде. 1883 жылы ашылған. Ал, ең жаңасы біздің Астанадағы Ұлттық музей.

Бұл жерде Абылай ханның шапаны, Алтын адам сияқты құнды жәдігерлер бар. Осы Ұлттық музейді ашылғалы бері 160 мың адам тамашалаған. Ал, кешегі Музей түнінде Астана тұрғындары мен қонақтар зор белсенділік танытты.

Қалила АМАНҚҰЛОВА

Хабарламаларға жазылу