Мәскеуде Н.Тілендиев дирижерлік еткен «Отырар сазы» оркестрінің концертінен үзінді (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Н.Тілендиев дирижерлік еткен «Отырар сазы» оркестрінің концертінен үзінді (БЕЙНЕБАЯН)

05.04.2015
Мәскеуде Н.Тілендиев дирижерлік еткен «Отырар сазы» оркестрінің концертінен үзінді (БЕЙНЕБАЯН)

Нар тұлға дүние салар шағында «мені соңғы сапарға «Құстар қайтып барады» әнімен шығарып салыңдар» деген екен. Аманаты орындалды. Өзі 17 жыл басқарған, 35 жылдық тарихы бар «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрі сол әнмен шығарып салды.

Ол «Отырар сазының» атаған аспандатты. Атамекеннен аттап баспаған оркестрді талай шетелге шығарып, қазақтың ән-күйлерін әуелетті. Біздің мұрағатта 1984 жылы Мәскеуде Н.Тілендиев дирижерлік еткен «Отырар сазы» оркестрінің екі бөлімді концерті толық сақтаулы.

П.Чайковский атындағы орталық  концерт залындағы сол кеште республика үкіметін басқарған Нұрсұлтан Назарбаев та болған.

Хабарламаларға жазылу