Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілден сынақ тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілден сынақ тапсырды

15.03.2015
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілден сынақ тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев съезден соң, Орталық сайлау комиссиясына барды. Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат ретінде мемлекеттік тілден сынақ тапсырды. Конституцияның тәртібіне сай.

Қазақстан Президенті барлық тапсырманы сәтті орындаған. Алдымен, «Біздің күшіміз – бірлікте» деген тақырыпта жазба жұмысын жазған. Сосын Ілияс Есенберлиннің шығармасынан үзінді оқыған, ал ауызша әңгімеде «Бабалар сөзі – даналық көзі» тақырыбында ой өрбіткен. 

Мырзатай Жолдасбеков, ҚР ОСК жанындағы лингвистикалық комиссия төрағасы:

Бүгінге дейін сынақ тапсырған барлық президенттікке үміткерлер секілді Нұрсұлтан Әбішұлы да үш сұраққа жауап берді.  Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының, мемлекеттің алдында өтпеген сынағы жоқ. Осы сыннан да ол кісі ойдағыдай өтті. Біз тіл маманы ретінде ерекше бағалап отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытынды жасадық.

Сол күні Орталық сайлау комиссясы Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға қатысу үшін қол жинау парақтарын тапсырды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

ҚР Орталық сайлау комиссиясына келіп, лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырды. Емтиханды барлық кандидаттарға жасалған тәртіпті толыққанды сақтай отырып өткізді.

Лингвистикалық комиссиядан өте жақсы деген баға алып,  мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылданды. Сонымен қатар, ОСК Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Конституциясы мен Сайлау туралы Заңына сәйкестігін анықтап, қол қою парақтарын беру жөнінде Қаулысын қабылдады.

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу