Осы аптада әкімдер Ақордаға шақыртылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Тапсырмалар берді.
Қаралған мәселелердің дені – өңірлік дамудың қазіргі жай-жапсары, соның ішінде қоғамдық-саяси тұрақтылық, биылғы жылыту маусымын үзіліссіз аяқтау, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты қамтамасыз ету.
Сондай-ақ. бюджет қаражаттарын басқару, жергілікті жерлердегі баға мен тарифті мониторингтеу жайы.
Кеңес соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.