Мырзатай Жолдасбеков 9 мыңнан аса кітабын Ұлттық академиялық кітапханаға тапсырды (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мырзатай Жолдасбеков 9 мыңнан аса кітабын Ұлттық академиялық кітапханаға тапсырды (БЕЙНЕБАЯН)

25.01.2015
Мырзатай Жолдасбеков 9 мыңнан аса кітабын Ұлттық академиялық кітапханаға тапсырды (БЕЙНЕБАЯН)

Кітапты теңдессіз байлық, рухани қазына, дүниенің айнасы, адам жанының серігі, дейміз. Ал, сол балаң шақтан серігің болған, досыңа айналған мол кітапты өзгеге қию оңай ма? Ұрпақ үшін қиюға болады екен.

Осы аптада қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ұзақ жылдар бойы жинаған 9 мыңнан аса құнды кітаптары мен еңбектерін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханаға тапсырды.

Олардың арасында қабырғалы қаламгерлер мен арқалы ақындардың және дипломаттардың өз қолтаңбасымен берген мыңнан аса кітабы бар. Мырзатай аға 415 дана мемориалдық экспонаттарды, кәдесыйлар мен портреттерді және медальдарды да кітапханаға ұсынды. Ақылман ағамыздың айтары бар.

Мырзатай Жолдасбеков, Мемлекет және қоғам қайраткері:

Бір пайдасы тиер деген үмітпен кітапханаға өткіздім. Халық келіп, бізді қолдап жатыр. «Қалай қидыңыз?» дейтіндер бар. Ұрпаққа пайдасы тиіп жатса, қимайтын несі бар? Елге пайдасы тисе, маған – бақыт.

Халила АМАНҚҰЛОВА

Хабарламаларға жазылу