Айтулы оқиғаның құрметіне үлкен жиын ұйымдастырылды. Бұл шараға зауыттың негізгі тұтынушылары – Қорғаныс министрлігі, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мекеменің өкілдері шақырылды.
Зауыт басшылығы алдағы уақытта тек құрастыру-жинаумен шектелмей, тікұшақтың моторын, қажетті бөлшектерін осы Қазақстанда жасауды ойластыруда.
Техникалық қызмет көрсететін франциялық азаматтарды біртіндеп жергілікті қазақ жастары алмастырып жатқаны да айтылды.
Тристан Серетта, «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» компаниясының бас директоры:
Біздің зауыт қазір тек тікұшақ құрастырудан бөлек, ұшқыш-инженер мамандарды да даярлап жатырмыз. Біздің алдағы жоспарымыз, ЕС145 атты тікұшақтармен ТМД қамтысақ деген ой бар. Мүмкін болса, Ресей, Қытай нарығында бағындырмақ ниеттеміз.
Нұрбек БЕКБАУ