Енді тек құрғақ сандарды іріктеп алып, назарларыңызға қайта ұсыналық. Сонымен, өткен бес жылда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 770 жаңа кәсіпорын іске қосылды.
Оларда 75 мың адамға жаңа жұмыс орыны ашылған. Сол 770 бірігіп, 4 триллион теңгенің өнімін өндірген. Құны 628 миллиард теңгенің өнімі сыртқа сатылған, яғни экспорт. Қазақстан нарығына 400 түрлі жаңа өнім шыққан.