Ақордадағы қабылдаулар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордадағы қабылдаулар

14.12.2014
Ақордадағы қабылдаулар

Осы аптада Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Николай  Бордюжа және «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Миттал Ақордаға кіріп, Елбасыға есеп беріп шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығару қызметі мен Сенат жұмысының осы жылғы қорытындыларын баяндады. Сенат төрағасының айтуынша, Парламенттің Жоғарғы палатасы биыл 100-ге жуық заң қабылдауды жоспарлап отыр.

Президентті қажетті заңдарды дер кезінде қабылдауды, сондай-ақ, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызына тоқталды.

Ал, Николай  Бордюжа біздің Президентке Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 23-ші желтоқсанда Мәскеуде өтетін кезекті сессиясына  дайындығы туралы баяндады. Сондай-ақ, ұйымға мүше барлық мемлекеттер кезігіп отырған  қауіп-қатерлер сөз болды.

«Арселор Миттал» компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен болған кездесуде Президент компанияда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерге әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Бұл компанияның ел экономикасындағы маңызы зор екенін, сондықтан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуы қажеттігін айтты.

Хабарламаларға жазылу