Қазақстан әлемдегі ірі мемлекетке айналды - Моханти Арун - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлемдегі ірі мемлекетке айналды - Моханти Арун

30.11.2014
Қазақстан  әлемдегі ірі мемлекетке айналды -  Моханти Арун

Президент Жолдауын талқылауға арналған кезекті алқалы жиын Астанада өтті.

Форумға АҚШ пен Италия, Польша мен Ресей және Австрия сарапшылары қатысты.

Саясаттанушылар жиында Қазақстанның жеткен жетістігін ғана емес, болашақ бағдарын айшықтайтын «Нұрлы жол» бағдарламасындағы өзекті мәселелерге қатысты ой өрбітті, Президенттің сауатты саясаты Еуразия кеңістігіндегі көптеген елдің басшыларына үлгі болар тұстарына тоқталды.

Татьяна Дронзина, София университетінің профессоры (Болгария):

Этникалық мәселелерге маманданған адам ретінде айтарым, Қазақстан өзінің көпұлттылығын кикілжің көзіне емес, береке мен дамудың белгісі ретінде танытып отыр. Жаңа Жолдауда бұл салаға ерекше көңіл бөлінген. Мұны Президенттің көрегенділігі деп білемін.

Марта Брилл Олкотт, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры (АҚШ):

Жолдаудың  ең маңызды тұстарының бірі – оқу-ағарту саласы, ескірген мектептерді жаңарту бастамасы. Мұны мен жас ұрпақтың болашақта көп қиындыққа ұшырамай, табысқа жетуінің алғышарты деп түсіндім.

Моханти Арун, Ресей мен Орталық Азияны зерттеу орталығының төрағасы (Үндістан):

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігі мен салиқалы саясатының арқасында Қазақстан аймақтағы ғана емес, әлемдегі ірі мемлекетке айналды. Қазір Қазақстан экономикалық, саяси және әлеуметтік реформа жүргізуде алдыңға қатарлы елдерге жатады.

 

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу