Қазақстан 2015 жылдан бастап Еуропалық құрылыс стандартына көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2015 жылдан бастап Еуропалық құрылыс стандартына көшеді

02.12.2014
Қазақстан 2015 жылдан бастап Еуропалық құрылыс стандартына көшеді

Қазақстан 2015 жылдан бастап, Еуропалық құрылыс стандарттарына көшеді. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Құрылысшылар конгресінде мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, Үкімет бүгінге дейін осы еурокодты енгізу үшін 4 миллиард доллар жұмсаған. Ұлттық заңнамаға да өзгерістер енгізілген.

Еурокодты қабылдаған елдің құрылыс компаниялары әлемнің кез келген мемлекетінде үй тұрғызып, биік ғимараттар салу мүмкіндігіне ие болады.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы:

Дәл қазір біздер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әріптес елдермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Еурокодты енгізгеннен соң, оның шарттарын қадағалап отыру Экономикалық одақтың комиссиясына жүктеледі. Бұл стандартқа неге көшіп жатырмыз? Себебі, қазіргі Қазақстан пайдаланып жүрген құрылыс стандарты ескі. Кешегі Кеңестік талаптармен жүрміз. Бұл стандарттармен ары кетсе 10 қабатты үй тұрғызуға болады. Бүгінгі заманның зәулім ғимараттарын тұрғызуға жарамайды. Кері тартпа баптары көп.

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу