Алматыда ғалымдардың үлкен форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ғалымдардың үлкен форумы өтті

26.10.2014
Алматыда ғалымдардың үлкен форумы өтті

Осыдан бір ғасыр бұрын Міржақып Дулатов «Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді, осылай шежіреден көрінеді. Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос, ғылымға мойын ұсынбай ерінеді...», деп сынаған.

Одан бері адам да, заман да өзгерді. Шүкір, ғылымға бет бұра бастадық. Осы аптада Алматыда ғалыми үлкен форумы өтті. 18 мемлекеттің ғалымдары бас қосқан екі күндік жиында инженерлік білікті дамытудың жай-жапсары кеңінен талқыланды. Форумды ашылғанына биыл 80 жыл толған  Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті ұйымдастырды. 

Шара аясында осы оқу орнының іргесінен  5 бірдей зертхана ашылды. Барлығы да инновациялық технологиямен жабдықталған. Яғни, шәкірттер теориялық білімді нақты практикада қолданып, ғылымға терең бойлай алады.

Аталған университет еліміздің іргелі оқу орындарының бірі.  540 профессоры бар. 12 мың студент оқиды. Инновацияға мән беру бүгінгі күннің басты талабы. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жас буынның жаңа технологияларға ұмтылуы тиіс екенін талайдан айтып келеді.

Жексенбек Әділов, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ  Ұлттық техникалық университетінің ректоры:

IT-технология дейміз қазір көп нәрселер машиналармен жинау керек. Арнайы  бағдарлама болуы керек. Бізге әлемдегі жаңа бағдарламалық өнімдерді беріп жатыр. Студенттерді  үйретеміз, ертең олар жұмысты жылдамдатады. 

Хабарламаларға жазылу