Келер жылы кәсіпорын жалпы құны 77 миллион доллар болатын өнімін Иранға жөнелтпекші.
Бұл - зауыттың бір жылдық жоспарлы өніміне пара-пар көрсеткіш.
Іргелі өндіріс орнында мұндай ауқымды келісімшарт тұңғыш рет жасалып отыр.
Зауыттың қосалқы цехы өндіріс пен құрылысқа қажетті өнімдер шығарады. Мұнда да тапсырысқа сай өнім өндіру артып келеді.
Жазира ӘБІЛ