Елбасы Реджеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Реджеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысты

31.08.2014
Елбасы Реджеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысты

Қуатты елдің басшысын ұлықтау рәсімі де ауқымды.  Жиһанның 90-ға тарта мемлекетінен өкіл келген. Оған түрлі халықаралық ұйымның делегацияларын тағы қосыңыз. Чанкая аталатын президенттік сарай күні бойы адам аяғынан босамады.

Салтанатты қарауыл, сәнді жиын, сесті әуен. Келген меймандарды Түріктің 11-ші президенті Абдолла Гүл кезек-кезек қарсы алып тұрды. Құрметті қонақтардың бірі - біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Реджеп Тайып Ердоған – Түрік Республикасының 12-ші президенті. Бұған дейін де 11 жыл бойы елдегі ең десі басым саясаткер болып келе жатқанын қазақ қоғамы да жақсы біледі. «Әділет және даму» партиясының лидері.

Реджеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

Сыртқы саясатта Түркияның негізгі ұстанымдары өзгермек емес. Біз тек бейбітшілік пен өзара қолдауға жүгінеміз. Өзге елдің ішкі ісіне ешқандай жағдайда да араласпақ емеспіз. Біздің тілек тек бейбітшілік пен бақуаттылық.

Сайлауға қатысқан халықтың тең жарымынан сәл ғана асар дауыс жинаған Ердоған түбінде 77 миллион жұрты бар түріктің толық сеніміне қол жеткіземін деп мәлімдеген. Бұл құрғақ уәде болмаса керекті, өйткені, ол премьер-министр болған 11 жылда ел экономикасы бірнеше есе өсті, әлемдегі қуатты 15 елдің қатарына қосылды.

Ал, Қазақстан экономикасындағы түріктің үлесін біздің ел жақсы біледі. Құрылыс, текстиль, білім һәм қорғаныс салаларына мүмкіндігінше енген. Парламенттік Республикадан Президенттік басқару тәсіліне көшіп отырған ресми Анкара мен Астананың бір-біріне деген саяси ұстанымы - татулық және достық. Бұл ұстаным әзірге өзгермек те емес.

  Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу