Қазақстанда 820 этномәдени бірлестік бар. Түрлі газет-журналдар 15 тілде жарық көреді. 8 тілде радио және 7 тілде телехабар шығады. Өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде білім беретін 88 мектеп бар.
108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытылады. Ұлттық төрт театр - өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді Қазақстанда.