Елбасы бизнесті дамытуға қатысты 7 тапсырма жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы бизнесті дамытуға қатысты 7 тапсырма жүктеді

13.04.2014
Елбасы бизнесті дамытуға қатысты 7 тапсырма жүктеді
Қорытындылай айтсақ, Ұлттық инвесторлар кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті дамыта түсу үшін 7 тапсырма жүктеді. Бірінші, теңге нарығын дамыту үшін Ұлттық банк қосымша ынталандыру пакеттерін ойластыру керек.
 
Екінші, Ұлттық банк Үкіметпен бірге 1-ші маусымға дейін Ұлттық бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры активтерін инвестициялау стратегиясын әзірлеуі тиіс.
 
Үшінші, тағы да Ұлттық банк пен Үкіметке 1-ші маусымға дейін капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын дайындау міндет, төртінші, «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы көрме нысанда
рының құрылысына қазақстан бизнесін тартудың жөн-жобасын жасауы тиіс.
 
Бесінші, Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу рейтингінде Қазақстан 2016-шы жылы озық отыз елдің санатына қосылу керек. Бұл енді Үкіметтің міндеті.
 
Алтыншы, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын жасауы тиіс.
 
Жетінші, яғни, соңғысы - Үкімет жергілікті органдармен бірге Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен іс-қимыл регламентін бекітуге міндетті. Жеті тапсырманы осылай жіктедік. 

Хабарламаларға жазылу