Кедендiк одаққа мүше болғалы елдегі инвестиция көлемi артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендiк одаққа мүше болғалы елдегі инвестиция көлемi артты

13.04.2014
Кедендiк одаққа мүше болғалы елдегі инвестиция көлемi артты
Енді сандар тізбегін назарларыңызға ұсыналық. Кедендiк одаққа мүше болғалы Қазақстанның өңдеушi саласына құйылған инвестицияның көлемi екi есеге өсті.
 
Салыстырсақ, 2012 жылы инвестиция  3,4 миллиард теңгеге жетсе, 2009 жылы 1,8 миллиард теңге шамасында ғана болып еді. 2010 жылы Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы тауар айналымы  47 миллиард 135 миллион АҚШ долларына тең келді.
 
Ал, 2012 жылы бұл көрсеткіш 45,5 пайызға артқан. 2013 жылдың он айындағы тауар айналымының көлемі  52,9 миллиард доллар болды.

Хабарламаларға жазылу