Владимир Штыгашев Қазақстан халқынан кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Штыгашев Қазақстан халқынан кешірім сұрады

13.04.2014
Владимир Штыгашев Қазақстан халқынан кешірім сұрады
Осы аптаның біз айналып өтуге болмайтын тағы бір мәселесі - мәлімдемеге байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы елшісін түсіндіру үшін министрлікке шақырып алды.
 
Себеп - Ресейге қарайтын Хакасия Республикасы жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтің пікірі. Ол көп сөзінің бірінде Қазақстанның кейбір аймақтарына Ресейдің таласуына тарихи құқы бар деп айтқан.
 
Бұл сөз - біздің әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында бірден талқыға түсті. Ал, Ресейдің сыртқы істер министрлігі аймақтағы ресми тұлғалардың айтқан сөзін жауапсыздық деп бағалап, мәлімдеме таратты.
 
Ресей Сырты істер министрінің орынбасары Григорий Карасин Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Марат Тәжинмен кездесіп, аймақтардағы кейбір саясаткерлердің адың-күдік пікірлеріне принципті түрде баға берді.
 
Сыртқы саясат мәселелері және өзге елдермен қарым-қатынасқа байланысты мәлімдемелер мен комментарийлер - тек Ресей Федерациясы басшылығының, Сыртқы істер министрлігінің және солар міндеттеген ресми өкілдердің ғана құзырындағы шаруа деп көрсетілген арнайы хабарламада.
 
Ал, басы дауға қалған Владимир Штыгашев Қазақстан халқынан кешірім сұрап, мәлімдеме жасады деп хабарлады бүгін еліміздегі түрлі интернет-ресурстар.
 

Хабарламаларға жазылу