Капиталға рақымшылық жасау Қазақстанға не береді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Капиталға рақымшылық жасау Қазақстанға не береді?

13.04.2014
Капиталға рақымшылық жасау Қазақстанға не береді?
Рақымшылық заңмен жүзеге асады. Бір күн, бір ай, бір жылда емес 2017-ші жылға дейін жалғасады. Үш был бойы. Яғни, Президенттің өзі айтқандай әділдік, құпиялық, нарық талаптары қатаң сақталады. Бұл бастамаға кәсіпкерлердің өздері не дейді?
 
Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары:
Қазіргі таңда өзіміздің бизнесмендер шетелге құйып жатқан немесе жасырын түрде шетелдік банктерде жатқан қаражтты өзіміздің елімізге қайтаруы керек. Елбасы айтпақшы, неге біздің бизнесмендер сол ақшаны өзіміздің бизнеске құюға қорқады? Бұл өзіміздің еліміз, өзіміздің мемлекетіміз. Сондықтан, ең алдымен қаражатты осы жерге тартып, мемлекет сол үшін оларға жан-жақты жағдай жасауы керек. Қорқатын ешнәрсе жоқ. Қазір біздің бизнесмендердің әлеуеті зор. Ақшалары бар, сондықтан, сол қаржыны енді елдің экономикасына салуы керек.
 
Қайнар Абасов, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-ның директоры:
Президент бізді қолдап отыр. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары білсеңіздер, Беларусьта да, Ресейде де жоқ. Сондықтан, бұл мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз Ресей, Беларусь елдерінің нарығына одан қалды Дүниежүлік сауда ұйымына кіруге, биік белестерге жетуге ұмтыламыз. Бәсекелестікке төтеп бере аламыз.
 
Бизнестің алдынан жиі шығатын кеселдің бірі - әкімшілік кедергілер. Әсіресе, жергілікті жерлердегі билік кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеуге ынталы емес.
Ал кешегі отырыстан кейін мұндай кедергілердің жолын кесетін заңды енді Парламент уақыт тезіне салып қабылдауы тиіс.
 
Құжат қазір Мәжілістің қоржынында жатыр. Сонымен бірге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биыл кепілдендіру қорын құруды жоспарлап отыр. Қордың міндеті - тың бизнес-идеялардың жүзеге асуына қолдау көрсету.
 
Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:
Кепілдендіру қоры мысалы, сіздің алатыныңыз 10 миллион болса, соның 8 миллионына толығымен кепілдік береді. Түркияда 80 пайыз болса, бізде 90 пайыз болуы мүмін. Біз қазір банктерге де хат жаздық. Әр банкте әртүрлі. Біреуі 10 қағаз сұрайды, біреуі 25 қағаз сұрайды. Біз Ұлттық банкке ұсыныс айттық, 7-8 қағазбен тоқтау керек.

Хабарламаларға жазылу