Қазақ жеріне Ресейдің тағы бір зымыраны құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жеріне Ресейдің тағы бір зымыраны құлады

30.03.2014
Қазақ жеріне Ресейдің тағы бір зымыраны құлады

Осы бейсенбіде Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданы бір дүрлігіп алды. Түнгі сағат бірдің шамасында Шоңғай ауылының маңына Капустин Яр полигонынан ұшырылған Ресей зымыраны құлады.

 
Ұзындығы - 7 метр, ені - 45 сантиметр болатын құрылғы ауылдан 500 метр қашықтықтан табылды. Тексеріле келе құрылғының метеорологиялық зымыран екені анықталды. Зардап шеккендер жоқ.
 
Арнайы құрылған комиссия оқиға орнында болып, батыс облыс пен Капустин Яр полигонының басшылығын құлағдар қылған. Қазір аумақтағы радиацияның деңгейі қалыпты, дегенмен де топырақтан сынамалар алынып, Оралдағы зертханаға жіберілген.
 
Осы оқиғаға байланысты Қазақстан аумағында ресейлік зымырандарды сынақтан өткізу және Ресейге жалға берілген жауынгерлік алаңдарды пайдалану уақытша тоқтатылды.
 
Ресей Федеральді Ғарыш агенттігінің бұрынғы директоры Юрий Коптевтың айтуынша, 23 жылда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 250 зымыран ұшырылса, соның әрбір оныншысы құлаған. Осы кезге дейін қазақ топырағына 2 мың 500 тонна гептил төгілген.

Хабарламаларға жазылу