Мемлекет басшысы Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті

30.03.2014
Мемлекет басшысы Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадан оралысымен Алматыдағы резиденциясында Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос елдің ынтымағы мен экономикалық байланысы талқыланды кездесуде.

 
Қос президент сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін пысықтады. Кездесуде бірлескен қазақ-қырғыз инвестициялық қорының жұмысы да қаралды.

Хабарламаларға жазылу