Қазақ тіліне аударылған 18 оқулық оқу үдерісіне қандай жағдайда енгізіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тіліне аударылған 18 оқулық оқу үдерісіне қандай жағдайда енгізіледі?

17.05.2018

«Әлемдік аударма оқулықтары: теория және практика». Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде осындай атаумен жиын өтті. Жуырда әлемдік 100 оқулықтың 18-і қазақ тіліне аударылды. Ендігі кезеңде сол оқулықтарды сараптау ісі қолға алынбақ.

Жиында аталған оқулықтар оқу үдерісіне қандай жағдайда енгізіледі әрі профессорлардың көзқарасы қандай деген мәселе сараланды. Басқосуға докторант, магистранттар қатысты. «Бұл өз кезегінде аудармадағы сабақтастықтың жүйелі жүзеге асуына сеп», дейді оқытушылар. 

Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры:

Бұл семинар болашақта да жалғасын табады. Еуразия Ұлттық университетінің профессорлары оқулықтарды аударуға қатысты. Бұл оқу орнында аударма мектебінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу