Ескерткіштерді реставрациялау үшін қаражатты бір жерден бөлу қарастырылып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескерткіштерді реставрациялау үшін қаражатты бір жерден бөлу қарастырылып отыр

01.10.2018

Елімізде 25 мың тарихи-мәдени ескерткіш пен 600-ге жуық киелі жер бар. Бірақ, олар уақытында тізімге кіргізілмейді, қасиетті деп танылған объектілерге ресми мәртебе берілмейді. Ал археологиялық қазбалар ашық алаң күйінде жатады, не жоғалып кетеді. Сондықтан, заңнамалық тұрғыда реттеу қажет. Бүгін Мәжілісте арнайы заң жобасы таныстырылды.

Ескерткіштерді реставрациялау үшін қаражатты бір жерден бөлу қарастырылып отыр. Заң жобасында археологиялық ғылыми реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы бап бар. Құжатқа сәйкес, бұл нысандардың орнын ауыстыруға немесе өзгертуге қатаң тыйым салынбақ.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жергілікті жерлерде ескерткіш ретінде танылуы үшін 3 жылдан 5 жылға дейін созылады. Көненің көзі, тарихтың өзі ол уақытты күтпейді. Осы мерзімді ескерткіш деп тану мерзімін қысқарту жағы қарастырылып жатыр. Қорыта келгенде, төрт нақты мәселені көздеп отыр заң жобасы.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу