Гаухар Қаспақова өзін іздеп жатқан тыңдармандарымен «Түнгі студияда» «қауышты» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаухар Қаспақова өзін іздеп жатқан тыңдармандарымен «Түнгі студияда» «қауышты»

09.06.2018

«Жоғалып кеттің деп жатады. Бармын. Шығармашылықтамын. Өнерді тастаған жоқпын. Бала тәрбиесі ғана емес, шәкірт тәрбиелеумен де айналысып келемін». «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген әнші Гаухар Қаспақова өзін іздеп жатқан тыңдармандарымен осылай «қауышты».

Қазіргі уақытта 15 жаңа ән жазғызғанын жеткізді. Әнші биыл мерейлі 40 жасқа толды. «Тараздағы Мәдениет және өнер колледжіне жыршы-термеші бөліміне келіп түстім. Негізі дәстүрлі әндерден бастаған болатынмын. Әуелден дәстүрлі әндерді эстрадаға алып келсем деген ой-жоспар болды. Сол жоспарымды іске асырдым деп есептеймін. Әсет атамыздың «Қысметін» алып келдім», - дейді өнердегі алғашқы қадамын еске алған әнші. 

Ал «Жамғыр» әні туралы: «Жамбыл облысы қырғыз елімен шекаралас болған соң, бала кезімнен қырғыз әндерін естіп өстім. «Жамғыр»әні  жүрегіме жақын болғаннан кейін орындалған болатын».  

Хабарламаларға жазылу