Әміре Қашаубаев туралы фильмнің трейлері шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әміре Қашаубаев туралы фильмнің трейлері шықты (ВИДЕО)

13.03.2018

Қазақтың маңдайына біткен дарынды әнші Әміре Қашаубаев туралы фильмнің трейлері шықты. Мұнда оның атақты Париждегі сайысқа сапары туралы баяндалады. Еуропаны кең дауысымен баурап, әлем музыка сыншыларының назарын өзіне аудартқан Әміре Қашаубаев сол конкурста күміс медаль  иеленген болатын. Фильмде «Балқадиша», «Үш дос», «Дудар-ай», «Бес қарагер» сынды әндер шырқалған.

Ретробиографиялық кино картинада дала дарыны Әміренің Американың атақты музыканты Джордж Гершвинмен достығы туралы да айтылады.

Тағы бір айта кететін жайт, фильмде осыдан бірнеше күн бұрын «Оскар» сыйлығын ұтып алған «Эббинг көшесіндегі үш билборд» картинасында ойнаған актриса Эбби Корништі де көре аласыз. Мүмкін, бұл жақсы ырым шығар?

Фильм отандық прокатқа сәуір айында жол тартады деп жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу