Қайрат Түнтековтің «Ұшқан бағым» әні «Hit Qazaqstan» ән шеруінің өткен аптадағы жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Түнтековтің «Ұшқан бағым» әні «Hit Qazaqstan» ән шеруінің өткен аптадағы жеңімпазы

25.01.2018

«Hit Qazaqstan» ән шеруінде үздік әндерді анықтау жалғасуда. Сонымен, ән шерудің өткен аптадағы аутсайдерлер қатарына төмендегі әншілер қосылды:

Қанат Үмбетов, Әлия Әбікенова - Бұл махаббат

Ерлан Орынбасаров, Баян Нұрмышева - Жүрегім

Серік Ибрагимов - Бар, бар

Ерке Есмахан - KZ жігіт

Иса Әлимұса - Мұңайма

 

Өткен аптаның үздік бестігіне кірген бұл әншілер, осы аптадағы үміткерлермен бірге тағы да сынға түседі.  

5- орын - Ziruza Қиын/Оңай  

4- орын - «ВN» тобы Ғашық болу

3- орын - Сиви Махмұди Кел, жаным

2- орын Айдар Тұрғанбек Үйлену

1- орын  Қайрат Түнтеков Ұшқан бағым

 

Бұл аптадағы үміткерлер қатарына «Жігіттер» тобы «Сен мені кінәлама» әнімен,  Нұрлан Әлімжан & Әйкерім Қалаубаевaның «Екеуміздің әніміз неге бөлек?» әні, Қайрат Нұртастың «Жүрегіңнен бір орын бер» әнімен, сондай-ақ «Ninety one» тобының жаңа әні - Ah! Yah! Mah! және Батыр Байназаров Қоштасу әндері енді.

Үміткерлер қатарында бар бұл әншілер мүмкін осы аптаның үздігі атанар, оны тек қана көрермендер дауысы анықтайтын болады. Сондықтан, http://vote.kaztrk.kz/hit/ сайтына кіріп, үздік деп танылған әнге дауыс беріп, жеңімпазды бірге анықтайық.

Хабарламаларға жазылу