Қанағат Мұстафин: Кино әлеміне келгенде ең бірінші көрген адамым - Ақан Сатаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанағат Мұстафин: Кино әлеміне келгенде ең бірінші көрген адамым - Ақан Сатаев

19.01.2018

     «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының қонағы - танымал сценарист, режиссер Қанағат Мұстафин. Ол қазіргі уақытта түсіріліп жатқан «С новым счастьем» киносы жайлы айтып берді.

     Фильм наурыз айында көрермен назарына ұсынылады. Комедия жанрында түсірілетін туындыда жас продюсердің «Қыз ұзату» салт-дәстүрін түсіру кезіндегі оқиғасы суреттеледі.

     Алдағы уақытта режиссер палуан Қажымұқан бабамыз туралы кино түсіргісі келетінін, 5 жылдан бері дайындық жүргізіп жатқанын жеткізді. «Қазіргі уақытта ізденіп,  Қажымұқантанушылармен сөйлесіп жүрмін. Өйткені, бұл кино үлкен көлемдегі қаражатты, уақытты қажет етеді»,-дейді Қ.Мұстафин.

     Сондай-ақ, студия қонағы көрерменмен кино әлеміне алғаш қалай келгені туралы бөлісті. «Бұл салаға ойламаған жерден келдім. 10-12 жасымда баскетбол ойнап жүрген қара домалақ баламын. Кино әлеміне келгенде ең бірінші көрген адамым - Ақан Сатаев. Кастинг директоры ЦСКА-ға келіп, 35 баланың арасынан Даулет деген бала екеумізді таңдап алып барды. Киностудияға барғанда үйге келгендей сезіндім. Сол уақытта Ақан Сатаевтың «Молодеж против курения» деген бейнеролигіне түсіп, алғашқы 200 доллар табысымды таптым»,- деп еске алды.

Хабарламаларға жазылу