Бағдарламаның үшінші жарыс күнінде Айқын «Silk Way Star» көрермендеріне Башқұрт елінің әнінен шашу дайындады.
«Бүгінгі жарыста бір-біріміздің әндерімізді орындау – арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі жақсартатын сияқты. Бүгін мен айтатын ән Башқұртстан мен Татарстанға ортақ ән екен. Ән сөзінің 70 пайызы маған түсініксіз болып тұр. Сөзден қате кетпесе екен деп ойлаймын себебі, бүкіл Башқұртстан елінің алдында сөзін қате айту ұят секілді», - дейді Айқын.
Танымал әнші бүгін «Бер алманы, бишкэ булэйек» атты башқұрт халық әнін орындады.
Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин (Башқұртстан):
- Әніңмен жүрегіме жеттің. Сәл ғана қателіктер болды. Дегенмен, менің жаныма жетіп, жүрегіме жете алдың. Тек менің ғана емес, көрермен мен қазылар алқасына да жетті деп ойлаймын.
Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.