Амазон орманы өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амазон орманы өртеніп жатыр

23.08.2019

Амазон орманында өрттің ауқымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 85 пайызға кеңейген. Оның басым бөлігі Бразилияға тиесілі. Сондықтан қазір бұл мемлекеттің үкіметі үлкен халықаралық қысымға ұшырап отыр.

Франция президенті Эммануэль Макрон Амазондағы өртті «әлемдік дағдарыс» деп атап, оны«Үлкен жетіліктің» ертең ашылатын саммитінің күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Алайда, Бразилия президенті Жаир Болсонару тлісіз жаумен күреске ресурс жоқтығын мәлімдеді. Дегенмен, оның сөзінше, орманды үкіметтік емес ұйымдар әдейі өртеуі мүмкін. Ал, кейбір табиғат жанашылары Болсонаруды жер босату үшін фермерлер мен орманшыларға жасыл желектерге от қоюға рұқсат берді деп айыптап отыр.

Амазон орманы әлемдегі оттегінің бестен бір бөлігін, таза судың 20 пайызын өндіреді. Сонымен қатар, ол үш миллионға жуық өсімдік пен жануар түрінің мекені саналады.

Арыстан РЫСБЕК


 

Хабарламаларға жазылу