Сирияда үкімет армиясы оппозицияның негізгі ошағы болған соңғы қаланы басып алуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда үкімет армиясы оппозицияның негізгі ошағы болған соңғы қаланы басып алуға жақын

21.08.2019

Сирия президенті Башар Асадтың әскері 2014 жылдан бері оппозиция қарамағында болған Хан-Шейхун қаласын алуға жақын. Ол – көтерілісшілердің соңғы ірі бекінісі. Үкімет армиясына Ресей көмектесіп жатыр. Бақылаушылардың пікірінше, Хан-Шейхунды қайтарса, Сирия қарулы күштерінің елдің солтүстік-батысындағы ықпалы күшейеді. Азаматтық соғыс сегізінші жылға ұласқанда Асад армиясы Ресей мен Иранның көмегімен елдің басым бөлігінде көтерілісшілерге тойтарыс берді. Бұл жолғы операция сәуірдің соңында басталған еді. Содан бері жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған сириялық Түркия шекарасына қарай қашқан.

 Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу