Түркияда күрдтердің шеруі күшпен таратылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда күрдтердің шеруі күшпен таратылып жатыр

20.08.2019

Түркия полициясы елдің оңтүстігіндегі Диярбәкір провинциясында күрдтердің шеруін су шашатын машиналардың көмегімен таратып жатыр. Жергілікті тұрғындар үш қаланың күрд мэрінің қызметтен босатылуына қарсы шеруге шыққан. Қақтығыс кезінде қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз. Түрік үкіметінің мәліметінше, Диярбәкір, Мардин және Ван шаһарларының басшылары қарулы топтармен байланыста болып, терроризмді насихаттағаны үшін отставкаға жіберілді. Сонымен қатар аймақта осындай себеппен 400-ден астам адам тұтқындалған. Алайда, ұсталғандар өздеріне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу