Аден халқы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аден халқы шеруге шықты

16.08.2019

Йеменнің экономикалық астанасы – Аденде ондаған мың адам шеруге шығып, осы қаланы өткен аптаның соңында басып алған сепаратистерге қолдау көрсетті. Оңтүстік сепаратистері Біріккен Араб Әмірліктерінің көмегіне сүйеніп отыр.

Йеменнің оңтүстігінде шамамен 4 миллиондай адам тұрады. Олар тәуелсіздік талап етіп келеді.

Айта кетсек, бұл мемлекеттің Сауд Арабиясымен одақтас әскері бір жағынан Иранға сүйенген шиит-хуситтермен соғыс жүргізіп жатыр. Шииттер бірнеше жыл бұрын ел астанасы Сана мен елдің айтарлықтай бөлігін басып алған еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу