Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін ескертіп, оның президенті Мун Чжэ Инді «ұятсыз адам» деп атады. Мұның алдында Оңтүстіктің басшысы екі Кореяны 2045 жылға дейін біріктіруге сөз берген еді.
Сонымен қатар, бүгін Солтүстік Корея өзінің шығыс жағалауынан тағы ракета ұшырды. Осылайша, Пхеньян бір айға жетпес уақытта алтыншы рет зымыран сынап отыр.
Бұған дейін Ким Чен Ын Оңтүстік Корея мен АҚШ өткен аптада бастаған бірлескен әскери жаттығуларды «соғысқа әзірлік» деп атап, ракета ұшыру тәжірибелеріне өзі де қатысқан еді.
Арыстан РЫСБЕК