А.Атамбаевқа адам өлтірді, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Атамбаевқа адам өлтірді, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды

13.08.2019

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа адам өлтірді, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды.

Ол өткен аптада Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында жүргізілген арнайы операция кезінде тұтқындалды. Сол рейд барысында қауіпсіздік күштерінің бір офицері мерт болғаны белгілі. Тағы алтауы кепілге алынды.

Атамбаев республиканы 2011-2017 жылдары басқарды.  Содан кейін ол коррупция үшін айыпталып, заңмен қудалаудан қорғайтын иммунитетінен айрылды. Алайда, экс-президент өзіне тағылған кінәлардың бәрін жоққа шығарып, олардың саяси астары бар мәлімдеп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу