Ресейдегі жұмбақ жарылыстан қаза тапқан ғалымдарды жерлеу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі жұмбақ жарылыстан қаза тапқан ғалымдарды жерлеу рәсімі өтті

12.08.2019

Бүгін Ресейдің Архангельск облысының Саров қаласында жұмбақ жарылыстан мерт болған бес ғалымды жерлеу рәсімі өтті. Зерттеу институтының бірі өкілі айтқандай, олар өткен аптада шағын ядролық реакторды жетілдіру жұмыстары кезінде қаза тапқан. Ал америкалық сарапшылардың болжамынша, ғалымдар  президент Владимир Путин мақтаған қанатты ядролық ракетаны сынау кезінде опат болды.

«Росатомның» қызметкерлері сенбіге қараған түні Ақ теңізде жасалған зымыран сынағы кезінде қаза тапты. Тәжірибеден кейін ракетаның отынын өрт шалып, жарылыс болған. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал «Гринпис» экологиялық ұйымының дерегінше, аймақта радиация деңгейі тиісті мөлшерден 20 есеге асып кеткен. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар  «йодты жатып алып жатыр» деген мәлімет тарап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу