Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті А.Атамбаев 26 тамызға дейін тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті А.Атамбаев 26 тамызға дейін тұтқындалды

09.08.2019

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тамыздың 26-на дейін тұтқындалды. Және оған сыйбайлас жемқорлық ісі бойынша айып тағылды. Алайда, бұрынғы мемлекет басшысы өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр. Сонымен қатар, республика президенті аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязов та қамауға алынды. Бейсенбі күні Атамбаевтың 1,5 мыңдай жақтасы Бішкекте шеру өткізіп, соңы қақтығысқа ұласып, 40 шақты адам ұсталды. Қырғызстан қауіпсіздік күштері Алмазбек Атамбаевты тұтқындау операциясын оның Бішкектің түбіндегі Қой-Таш ауылындағы үйінде тамыздың 7-де жүргізді. Сол күнгі қақтығыстан арнайы қызметтің бір офицері қаза тауып, одаған адам жараланды. Ал Атамбаев кеше қайта жалғасып, тағы да жанжалға ұласқан операция кезінде қауіпсіздік күштеріне өзі берілген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу